USD
USD
USD

Қызылордада алимент төлемегендер букмекерлік кеңседе қыруар қаражатқа бәс тігіп жүрген

Қызылорда қаласының прокуратурасы алимент бойынша қарызы бар борышкерлердің букмекерлік кеңселерде қыруар қаражатқа бәс тігіп жүргенін анықтады.

Казино
Фото: pixabay.com

Алматы, NEGE. 2024 жылы 135 борышкер әкімшілік жауапкершілікке тартылса, 4 борышкер қылмыстық жауаптылыққа тартылды.

Мысалы, бір борышкердің балаға төленетін алименті бойынша қарызы 5,2 млн теңге болғанымен, оның 2 млн теңгеге жуық қаражатты «Олимп» букмекерлік кеңсесінде ұтылғаны белгілі болды.

Аталған борышкерге қатысты Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 139-бабымен қылмыстық іс тіркеліп, алимент қарызын толық өтегеннен кейін жәбірленушімен татуласып, ақталмайтын негіздермен қылмыстық іс тоқтатылды.

Қазір оқып жатыр

Qarmet пен Allur 500 жасты жұмыспен қамтуды жоспарлап отыр

Qarmet

Қазақстан дамудың жаңа кезеңіне қадам басты – Тоқаев

вице-президент

Жезқазған зиратында қабір басындағы топырақ опырылған: әкімшілік себебін түсіндірді

.

Атырауда шенеунік жұмбақ жағдайда көз жұмды

.