USD
USD
USD

Қызылордада 2 тоннадан астам күріш ұрлаған қылмыстық топ ұсталды

Қызылордада 2 тоннадан астам күріш ұрлаған қылмыстық топ ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция
Фото: Полиция

Алматы, NEGE. Қызылорда қалалық полиция басқармасының криминалдық полиция бөлімінің жедел уәкілдерімен жүргізілген іздестіру іс-шаралары аясында қала аумағында 110 қап, яғни 2 тоннадан астам күрішті ұрлаған қылмыстық топ ұсталды.

Оқиға 28 ақпан күні сағат 00:10 шамасында болған. Күдіктілердің жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің қоймасынан 1 млн 237 мың теңге болатын Лидер күрішін ұрлап жатқандығы камераға түсіп калған.

Жедел уәкілдердің жедел әрекеттерінің нәтижесінде 18 жастағы қылмыстық топтың төрт мүшесі ұсталып, басқарманың уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазіргі таңда күдіктілерге қатысты ұрлық дерегі бойынша қылмыстық іс тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Қазір оқып жатыр

Brent маркалы мұнай бағасының баррелі 101 долларға дейін төмендеді

мұнай

Астанада апалы-сіңлілі екі әйел күйеулерімен бірге «секс-притон» ұйымдастырды деген күдікке ілінді

Күдіктінің үйін тінту сәті

Тоқаевтың президент болғанына жеті жыл: негізгі экономикалық көрсеткіштер қалай өзгерді?

Қасым-Жомарт Тоқаев

«Мың доллардың футболкасын кім алады?»: Миллионер Арсен Томский Esentai Mall-дағы бағаға таңғалды

Арсен Томский