USD
USD
USD

Қызылордада 12 адамның қаны құйылған әйел ВИЧ жұқтырды

Босанғаннан кейін ауыр жағдайда түскен әйелге донорлардың қаны құйылғаны белгілі болды.

Қан өткізу
Фото: Pixabay

Алматы, NEGE. Әйелге қан құйылған бір айдан кейін оған АИТВ диагнозы қойылған. Оқиға тіркеліп, денсаулық сақтау министрлігіне жолданғаны айтылды.

«2024 жылдың 23 қыркүйегінде ол ұл бала босанған. Сол күні сағат 04:25-06:00 аралығында жатырдан қан кетуіне байланысты лапаротомия әдісімен бірінші ота жасалған. Тағы сол күні 17:00-19:05 аралығында қайтадан жатырдан қан кетуіне байланысты екінші ота жасалған. 23 қыркүйек пен 16 қазан аралығында облыстық перинаталдық орталықта ем алған", – делінген хабарламада.

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова аталмыш деректі растап, тексеру жүргізіліп жатқанын мәлімдеді. Тергеу нәтижелері бойынша тиісті шара қабылданады.

Ал полиция оқиғаға қатысты қылмыстық іс  қозғады.

Қазір оқып жатыр

Жаңа оқу жылы: Қазақстан мектептеріндегі өзгерістер қандай?

оқушылар

Атырау облысында 12 мың орындық 7 жаңа мектеп пайдалануға берілді

Атырау облысы жаңа оқу жылы

Ресей «Байқоңыр» мен әскери полигондарды жалға алғаны үшін Қазақстанға 64,8 млрд теңге төлейді

«Байқоңыр» кешенін жалдау ақысы

Қазақстандықтарға «неке мерзімін ұзарту» туралы жалған хабарлама тарады

хабарлама