USD
USD
USD

Қызылорда облысының тұрғыны есірткі өсірген

Қызылорда облысында өзінің ауласында 1 000 түптен астам есірткі өсірген тұрғын қолға түсті.

Қызылорда облысының тұрғыны есірткі өсірген
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қызылорда облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы Қызылорда қаласының 48 жастағы тұрғынын ұстады.

Оның ауласынан мың түптен аса сора өсімдігі табылды.

Олардың әрқайсысы 3-4 метр биік болып өскеп, бапталған.

Сонымен қатар сора кептіріліп дайындалған. Полиция 2 қапқа және көлемі 5 литр болатын 5 дана пластик ыдысқа нығыздалып салынған шөп ұнтағын тапты. Бұл заттар тәркіленді, Тағайындалған сараптама қорытындысына сәйкес, аталған азаматтан жалпы салмағы 320 келіден асатын 1 089 түп сора өсімдігі және 4 келіден асатын марихуана тәркіленді.

«Күдіктіден жауап алу барысында ол аса ірі көлемдегі есірткіні өзі тұтынатын айтты. Арасында көлеңке жолмен қаражат табу мақсатында сататынын мойындаған. Күдікті Қызылорда қалалық Полиция басқармасының уақытша ұстау абақтысына қамалды. Оның үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 300-бабы 2-бөлігімен және 296-бабының 4-бөлігіне сәйкес тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінен.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанға Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған келді

Тоқаев, Ердоған

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына Пентагоннан тағы 400 млн доллар сұрады

Трамп ұлдарымен

Қазақстанда құрбан шалу рәсімін қашықтан өткізуге арналған сайт іске қосылды

.

15 мамырда Парламент Палаталарының бірлескен отырысы өтеді

депуттар