USD
USD
USD

Қызылорда облысының тұрғыны ауылдасының мың бума жоңышқасын өртеп жіберген

Қызылорда облысының тұрғыны ауылдасының мың бума жоңышқасын өртеп жіберген, деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда облысының тұрғыны ауылдасының мың бума жоңышқасын өртеп жіберген
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қызылорда облысы полиция департаментінің Жалағаш аудандық полиция бөліміне Т. Жүргенов ауылының тұрғынынан арыз түсті. Онда мал қорада тұрған мың бума жоңышқа шөбін белгісіз біреудің өртеп жібергені туралы айтылған. Қыс мезгіліне алдын ала дайындалған ауыл тұрғынына келтірілген шығын көлемі шамамен – 1 млн теңге.

Аудандық тәртіп сақшыларымен жүргізілген жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде бұл қылмысқа күдікті ретінде сол ауылдың 29 жастағы тұрғыны ұсталды.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 202-бабының 2-бөлігімен тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп, тиісті сараптамалар тағайындалды.

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан ірі халықаралық букмекерлік компанияның иелеріне іздеу жариялады

.

Көкшетауда бір ай бұрын әріптесінің мәйітін тапқан сот қызметкерінің өзі өлі табылды

Жол апаты

Семейде сот ғимаратының алдында өзін өртеген ер адам көз жұмды

Абай облысы соты

Атырау облысында ірі қара мал қырылып жатыр: шаруалар дабыл қақты

Ірі қара қырылуы