USD
USD
USD

Қызылорда облысының полицейлері аяусыз соққыға жығылған жасөспірімге қатысты пікір білдірді

Қызылорда облысында жасөспірім аяусыз соққыға жығылған, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Қызылорда облысының полицейлері аяусыз соққыға жығылған жасөспірімге қатысты пікір білдірді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Тәртіп сақшылары оқиға биыл 6 сәуірінде Қазалы ауданында болғанын айтты.

"Аудандық ауруханадан кәмелетке толмаған баланың емделіп жатқаны туралы хабарлама келіп түсті, бұл дерек Қазалы ауданының полиция бөлімінде тіркелді.

Жасөспірімнің айтуынша, сол күні Әйтеке би кентіндегі Жалаңтөс баһадүр атындағы саябақта жаңбырдан кейін тайғақ жолда абайсызда құлап қалған. Қазір жігіттің жағдайы қанағаттанарлық, жәбірленуші мен ата-анасынан шағым түскен жоқ", - деді Қызылорда облысының полиция департаменті өкілдері.

Соған қарамастан тәртіп сақшылары әлеуметтік желіде қосымша мониторинг жүргізіп, екі кәмелетке толмаған баланың бұл жасөспірімді соққыға жыққанын анықтады.

"Бұл дерек Қазалы аудандық полиция бөлімінің соталды тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне Қылмыстық кодекстің 293-бабының 2-бөлігі "бұзақылық" бойынша тіркелді. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тиіс сараптамалар тағайындалды. Күдіктілер полиция бөліміне жеткізілді", - деді ведомстводағылар.

Қазір оқып жатыр

Халық кеңесін құруға бюджеттен 1,7 млрд теңге бөлінбек: қаражат қайда жұмсалады?

Ақша

Ұлттық қор активін 100 млрд долларға жеткізу мерзімі кешеуілдеуі мүмкін: себебі неде?

Тиындар

eGov-та шұғыл ауруханаға түскенде жақындарыңды хабардар ететін қызмет іске қосылды

eGov

ШҚО-да әйел адамды өлтірді деген күдікпен оқушы ұсталды

Кісен