USD
USD
USD

Қызылорда облысында кене шаққан екі тұрғын көз жұмды

Қызылорда облысының екі ауданының тұрғынын кене шағып, конго-қырым геморрагиялық қызбасын жұқтырды. Ауру өлімге әкелді, деп хабарлады Zakon.kz.

Қызылорда облысында кене шаққан екі тұрғын көз жұмды
Фото: NEGE.kz

Ауруханаға Жаңақорған ауданынан 77 жастағы ер адам, Шиелі ауданынан 51 жастағы ер адам жеткізілді. Екеуінің де жағдайы ауыр болған. 

Кейін екі науқас қайтыс болды. Оларға Конго-қырым геморрагиялық қызбасы диагнозы қойылды.

- Әр жағдайды тіркеген кезде 12 сағат ішінде жеке аумақтарды, мал қоралары мен жануарларды дезинфекциялау жүргізіледі. Барлық байланыста болған адамдар 14 күн бойы дәрігерлердің бақылауында болады. Жалпы үш ай - мамыр, маусым, шілде кененің қауіпті түрлерінің белсенді болатын уақыты. Сондықтан облыс тұрғындарын сақтық шараларын орындап, шаққан жағдайда дереу дәрігерге қаралуын сұраймыз, - деді Қызылорда облысы бойынша санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысының орынбасары Әлия Әбдіқайымова.

Бұған дейін Таиландтан келген 37 жастағы павлодарлық дене безгегін сол жақтан жұқтырып келген. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, ол инфекцияны маса шағу арқылы жұқтырған.

Қазір оқып жатыр

Ақтөбеде дауылдан ағаштар құлап, бірнеше үйдің шатыры бүлінді

.

Қасым-Жомарт Тоқаев Саида Мирзиёеваны қабылдады

.

Қытайдағы жарыста Назым Қызайбай мен Виктория Графеева топ жарды

.

Ақтөбедегі қайғылы оқиға: АГҚС иесі уақытша ұстау изоляторына қамалды

.