USD
USD
USD

Қызылорда облысының бес ауылында әкім сайлауы өтіп жатыр

Бүгін Қызылорда облысы бойынша 5 ауылдық округте әкім сайлауы өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қызылорда облысының бес ауылында әкім сайлауы өтіп жатыр
Фото: NEGE.kz

Қызылорда, NEGE. Олардың қатарында Арал ауданының Атанши, Қазалы ауданының Басықара, Сырдария ауданының Айдарлы, Шиелі ауданының Керделі, Қызылорда қаласының Қызылжарма ауылдары бар. Аталған елдімекендерде сағат 7.00-ден №3, 82, 171, 298, 172, 254, 370 сайлау учаскесі ашылды. Әкім қызметіне ниетті азаматтардың басым бөлігі саяси науқанға өзін-өзі ұсыну тәртібімен түскен.

Сайлауға алғаш болып келген аралдық қарт ана Құттыбеке Разақова Атанши ауылының гүлденуіне әрбір азамат үлес қосуға ниетті екенін, ал сайланатын әкім тұрғындардың талап-тілегін ескеруі тиіс екенін айтты.

Ауылдық округте 246 сайлаушы тіркелсе, Басықарада 706, Айдарлыда 827, Керделіде 1687 сайлаушы бар. Ал, Қызылжарма ауылдық округінде 6297 сайлаушы тіркелген.

Жалпы алғанда, 5 ауылдың әкімі болуға ниетті барлығы 13 кандидат сайлауға түсті. Олардың 10-ы өзін-өзі ұсыну жолымен сайлауға түссе, 3 кандидат партия атынан ұсынылған.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Корея президенті генерал Хон Бом Доның сүйегін қайтарғаны үшін Қазақстанға алғыс айтты

 Қасым-Жомарт Тоқаев, Ли Чжэ Мён

Мәслихат төрағасы жиналыс үстінде темекі тартқаны үшін жауапқа тартылды

Қанат Саққұлов

Астананың 55 жастағы тұрғыны әйелін пышақтап, артынша өзіне қол жұмсады

Пышақ жарақаты

Ақтөбедегі «Жайсан» өткізу бекетінде 160 көліктің жиналып қалу себебі айтылды

«Жайсан» өткізу бекетіндегі кептеліс