USD
USD
USD

Қызылорда облысындағы апатты мектептер мәселесі шешіле ме?

  Қызылорда облысында 6 апатты және 6 үш ауысымды мектеп бар.

Қызылорда облысындағы апатты мектептер мәселесі шешіле ме?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Өңірлердегі өзекті мәселелерді шешу және ауыл мен қалалық мектептегі білім деңгейін теңестіру жайы Мемлекет басшысының тікелей назарында тұр. Осы ретте Президент тапсырмасымен Сыр еліне арнайы келген премьер-министрдің орынбасары Алтай Көлгінов апатты деп танылған әлеуметтік нысандарды аралап көрді. Үкімет басшысының орынбасары «Білім беруді қолдау қоры» есебінен аймақта 5 мектеп және дарынды балаларға арналған физика-математика мектеп-интернаты салынатынын жеткізді. Үкімет басшысының орынбасары бастаған топ алдымен Шиелі ауданы Жансейіт ауылындағы бұрынғы шаруашылық кеңсесінде оқып жатқан балалардың білім алу процесімен танысты. Спорт залы мен асханасы жоқ 6-сыныптық мектепте 90 бала оқып жатыр. Қабырғалары қаусап тұрған нысан "Жайлы мектеп" ұлттық жобасы аясында қайта салынатын болды.

Облыста 6 апатты жағдайдағы мектеп бар, 6 үш ауысымды мектеп бар. Өңір әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың айтуынша, биыл 10 мектеп басталып кетейін деп жатыр. Қалған 11-і келесі жылы басталады. Соның 13-і аудандарда және ірі ауылдарда салынып жатыр. 8-і қаланың орталығында.

Әрі қарай Алтай Көлгінов Байсын ауылына барып, апатты мектеп орнына салынып жатқан 250 орындық білім ұясының құрылысын саралады. Білім беру нысаны жартылай бітіп тұр, енді оны аяқтауға тағы қаржы керек.

Айта кету керек, «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында Қызылорда облысында 27 денсаулық сақтау нысаны бой көтерететінін жеткізді.  

Қазір оқып жатыр

Акция анда-мында. ERG НЕГЕ 1,7 триллион теңгеге бағаланды?

ERG

«Зор қолдау сездім»: Айжан Аймағанова Құрылтай депутаты ретіндегі екі аптасы қалай өткенін айтты

Құрылтай депутаты

Қазан айында ауаның орташа температурасы нормадан 1–2°С жоғары болады деп болжанды

Қазанға арналған ауа райы болжамы

Халық кеңесін құруға бюджеттен 1,7 млрд теңге бөлінбек: қаражат қайда жұмсалады?

Ақша