USD
USD
USD

Қызылорда облысындағы 14 ауыл кең жолақты интернетке қосылды

Қызылорда облысында талшықты-оптикалық байланыс желісінің құрылысы аяқталып, 14 ауылдық елді мекен кең жолақты интернетке қосылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қызылорда облысындағы 14 ауыл кең жолақты интернетке қосылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Карантин кезінде көп қызмет түрі онлайн форматқа ауысқаны белгілі. Ал, шалғайдағы жұрттың тұрмысы жеңілдеді. «Енді қыркүйекке дайынбыз. Жаңа оқу жылында қиын жағдайлар тумайды деп есептеймін. Өйткені ұялы байланыс телефондары арқылы біз оқып жатырмыз», – дейді ауыл тұрғыны Бибінұр Бапашова.

Жиделіарық ауылының әкімі Ерлан Әбілдашевтің айтуынша, 60 шақты тұрғын өтініш беріп отыр. Өңірде карантинге, күрделі экономикалық жағдайға қарамастан, талшықты-оптикалық байланыс желісін тарту жобасы кестеден жаңылған жоқ. 14 ауылға 206 шақырым осындай желі тартылып, 52 мемлекеттік мекеме жылдамдығы жоғары интернетке қосылды. Айтулы жобаның арқасында мұғалім, дәрігер, мемлекеттік қызметшілер электронды қызметтерді кедергісіз қолдану мүмкіндігіне ие болды. Айта кетейік, талшықты-оптикалық байланыс желісі тұрғын саны 250-ден астатын елді мекендерге тартылатын болады. Сондай-ақ бүгінде ауылдық жерлерде 3G/4G мобильді желілерін қамту жұмыстары жүріп жатыр.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстау облысында тағы бір әскери қызметші қаза тапқаны рас па?

сот үкімі

Үндістанда кәмелетке толмаған спортшының арызынан кейін қазақстандық жаттықтырушы іздестірілуде

Мақсат Аязбаев

«Әрбір сарбаз өзін қауіпсіз сезінуі керек»: Қорғаныс министрлігінің жаңа басшысы алғашқы кеңесте не айтты?

Қорғаныс министрі Айдос Мырзахметов

TikTok-та қаза болған сарбаздар туралы жағымсыз пікір айтқан жігіт 10 тәулікке қамалды

Нұрахмет Бердібай