USD
USD
USD

Қызылорда облысында жоғалып кеткен қыздың денесі табылды

7 тамызда Қармақшы аудандық полиция бөліміне Тұрмағанбет ауылының тұрғынынан 7 жастағы қызының жоғалғандығы туралы хабарлама түсті. Әкесінің айтуы бойынша, оның қызы 6 тамыз күні кешкі уақытта үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған. 

Қызылорда облысында жоғалып кеткен қыздың денесі табылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қыздың ата - анасы және туыстары қызды өз күштерімен табуға тырысқан. Алайда іздеу жұмыстары нәтиже бермеген соң полицияға жүгінген. Хабарлама түскен сәттен бастап полиция қызметкерлері дереу іздеу жұмыстарына кірісті. Жоғалған қызды іздеуге Қармақшы аудандық полиция бөлімінің  жеке құрамы, ТЖД, аудан әкімдігінің қызметкерлері, еріктілер, жалпы 60-тан астам адам жұмылдырылды. 

Сондай-ақ қызды табу мақсатында екі дрон пайдаланылды. Бүгін сағат 13:00 шамасында қыздың мәйіті "Үбіс" каналынан табылды. Мәйіттің денесінде зорлық - зомбылық белгілері байқалмайды. 

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, қыз каналға суға батып кеткен. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде, тиісті сараптамалар тағайындалды.

Қазір оқып жатыр

Қырғызстанда фемицид үшін Қылмыстық кодекске жеке бап енгізу ұсынылды

фемицид

Алматыда жас қыздың үстіне қураған ағаш құлады: полиция қылмыстық іс қозғады

Қылмыстық іс

Алматы соты «журналистерді қамап қойды» деген ақпаратты теріске шығарды

журналистерді қамап қойған

Маңғыстаудағы ауылдардың бірінде сексеннен астам үйдің ауласын су басты

су басу