USD
USD
USD

Қызылорда облысында заңсыз аң аулаған тұрғындар ұсталды (ВИДЕО)

Қызылорда облысында заңсыз аң аулаған тұрғындар ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда облысында заңсыз аң аулаған тұрғындар ұсталды (ВИДЕО)
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 3 қазан күні сағат 23:30 шамасында Қызылорда облысы ПД Арал аудандық полиция бөліміне “ОХОТЗООПРОМ ӨБ” РМҚ Қызылорда өңірлік филиалы мекемесінің қызметкерінен заңсыз аңшылық туралы хабарлама келіп түскен.

Онда Қаратерең ауылы маңында “ОХОТЗООПРОМ ӨБ” РМҚ Қызылорда өңірлік филиалы мекемесінің қызметкерімен Арал аудандық полиция бөлімінің қызметкерлерімен бірлескен рейдтік шара барысында 46 жастағы азаматтың басқаруындағы Niva автокөлігін тоқтатқанын көрсеткен.

Тексеру барысында автокөлік ішінен 3 аңшы мылтықтары мен 22 қасқалдақ, 68 дана үйрек анықталған.

Оқиға орнына шыққан жедел-тергеу тобымен үш күдікті 46 жастағы, 55 және 52 жастағы аудан тұрғындары ұсталды. Барлық айғақты заттар тәркіленді.

Аталған дерек бойынша Жалағаш аудандық полиция бөлімімен Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 337-бабының 3-бөлігіне сәйкес (Алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған заңсыз аң аулау) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Қазір оқып жатыр

Михаил Ломтадзе: Kaspi.kz-тің мақсаты – клиенттерге арналған әлемдегі үздік AI-сервистердің бірін жасау

Ломтадзе

Астана тұрғыны бұрынғы әйелінің үстіне жанғыш сұйықтық құйып, өртеп жіберемін деп қорқытқан

Бөтелке ұстаған ер адам

Бензин бағасының төмен болуы инвестор тартуға кедергі келтіреді – Бектенов

Мұнай өңдеу саласын дамыту мәселелері жөнінде кеңес

Exclusive-ке жасалған DDoS-шабуылға «Қазақтелекомның» қатысы бар ма?

Қазақтелеком