USD
USD
USD

Қызылорда облысында тұрғындарды жұмысқа орналастырып беремін деп алдаған күдікті ұсталды

Қызылорда облысында тұрғындарды жұмысқа орналастырып беремін деп алдаған күдікті ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда облысында тұрғындарды жұмысқа орналастырып беремін деп алдаған күдікті ұсталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.18 желтоқсан күні Қызылорда облысы Арал ауданының екі тұрғыны алаяқтың құрбаны болғаны жөнінде полиция бөліміне арызданған. Олардың айтуынша, өткен жылдың желтоқсан айында белгісіз азамат олардың сеніміне кіріп, жұмысқа тұрғызып беремін деп бір млн теңге көлемінде ақшаны алдап алған. Бірақ осы күнге дейін уәдесін орындамаған азамат алған ақшасын да қайтармаған.

Жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде полиция қызметкерлері күдіктіні анықтап, қолға түсірді. Ол 34 жастағы Қызылорда қаласының тұрғыны болып шықты.

Күдікті қалалық ПБ УҰИ-ға қамауға алынды.

Қазіргі таңда аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабының 1-бөлігімен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Кореяда Alatau City-де ірі жобаларды іске асыру мүмкіндігі талқыланды

Alatau City бойынша келіссөздер

«Біз одан шарап ішеміз»: Кенесарының бас сүйегі туралы айтқан қырғыз студенттері кешірім сұрады

Қырғызстандық студенттер

Жанжал кезінде газ тапаншасынан оқ атқан Астана тұрғыны 5 жылға сотталды

тапанша

Іле-Балқаш резерватына бір үйір құлан жіберілді

Іле-Балқаш резерватына жіберілген құландар