USD
USD
USD

Қызылорда облысында сотталған 366 адамға рақымшылық жасалды

 Қызылорда облысында сотты болған 366 адамға рақымшылық заңы қолданылды. 

Қызылорда облысында сотталған 366 адамға рақымшылық жасалды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл шешім 2021 жылдың 7 желтоқсанында Мемлекет басшысы қол қойған «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің отыз жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» Заңына сәйкес қабылданды. «Аталған Заңға сәйкес сотталғандардың жеке істері зерделенді. Нәтижесінде сотты болған 366 адамға қатысты рақымшылық қолданылды. Олардың арасында түзеу мекемелерінде жазасын өтеп жатқан 81 адамның 46-ы негізгі жазадан босатылып бостандыққа шықса, 35 сотталғанның жаза мерзімдері қысқартылды», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық прокуратурасынан. Ведомство мәліметінше, оған қоса пробация қызметінің есебінде тұрған 285 адамның 98-і негізгі жазадан босатылып есептен алынды. Ал 187-нің жаза мерзімі қысқартылды. Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылордада 14 адамды сан соқтырған алаяққа сот үкімі шықты.

Қазір оқып жатыр

Енді Олимпиадаға «артық» адамдар жіберілмейді: Қазақстанда спорт делегацияларының саны шектелмек

Норматив

Алматы облысында көліктерді заңсыз тіркеген полиция және «ЦОН» қызметкерлері сотталды

көлікті заңсыз тіркеу

Қызға талап көп, ұлға неге аз: Қазақстанда әкелер институты әлсіреді ме?

отбасы, ата-ана, әке

Brent маркалы мұнай бағасы барреліне 87 долларға дейін түсті

мұнай бағасы