USD
USD
USD

Қызылорда облысында мыңға жуық қызметкер жұмысқа шықпай қойды

Қызылорда облысында «Арал тұз» зауытының мыңға жуық  қызметкері жұмысқа шықпай, жалақыны көтеруді талап етуде. 

Қызылорда облысында мыңға жуық қызметкер жұмысқа шықпай қойды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ас тұзын өндірушілер «жалақымыз аз, еңбегімізге татымайды» деп отыр. Басшылықтың айтуынша, мәселені бұлай шешу дұрыс емес. «Өндіріс тоқтаса табыс азаяды. Бұл,  жағдайды онан сайын қиындатуы мүмкін», – дейді ол.

Шыдамдары шегіне жеткен жұмысшылар үш күн зауыттың есігінің алдына түнеген.  Айтуларынша, олар азаннан қара кешке дейін қап көтеріп, тікесінен тік тұрып жұмыс істейді. Ал жұтатындары шаң.

«Біздің айлағымыз 55 мың. Оған экологиялық төлем қосамыз. Сыйақысы, тағы-тағысымен 80 мыңға барады. Айлықты көтеріп, 100 процент оклад қылсын. Болды, басқа талабымыз жоқ. 13 айлық сұрап отырған жоқпыз. За вредность сұрап отырған жоқпыз», – жұмысшы Жалғасхан Сүйіндіков.

Жиналғандардың айтуынша, өндіріс орнында жұмысшыларға жайлы жағдай жасалмаған. Арнайы киіммен қамтамасыз етпек түгілі, тамақтанатын орын  жоқ дейді ашынғандар.

«Қазір нақты айта алмаймын. Өйткені екі күн жұмысшылармен жүрмін. Оны есептеп қарау керек. Халыққа да айтып жатырмын. Сіздер жұмысты тоқтатсаңыздар қанша пайызға көтеру мүмкіншілігін жойып жатырсыздар», – «Арал тұз» АҚ президентінің кеңесшісі Айдынбек Тауасаров.

Президент кеңесшісі нақты шешім қабылдау үшін 10 күн сұрады. Бірақ халық бұған дейін де құрғақ уәдеге тойғандықтан мәселе түбегейлі шешілмесе жұмысқа шықпаймыз деп белді бекем буып отыр.   

Қазір оқып жатыр

Арменияның бұрынғы президенті мен оның ұлы ұсталды

Роберт Кочарян

Көлік жүргізушілерінің шағымынан кейін Павлодардағы бензин сапасы тексеріліп жатыр

Бензин, дизель

Алматыдағы блэкаут: Бектенов оңтүстік өңірлерді электр энергиясымен қамтуды күшейтуді тапсырды

электр

8 мың Ақтөс бар: Қазақстанда үй жануарларына қойылатын танымал есімдер аталды

Ит пен мысық