USD
USD
USD

Қызылорда облысында киік атқандар ұсталды

Қызылорда облысында заңсыз киік аулаған үш тұрғын қолға түсті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қызылорда облысында киік атқандар ұсталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Мұны полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасымен жедел-іздестіру шараларын жүргізу нәтижесінде анықтады. Күдіктілер жойылып кету қаупі төніп тұрған ақбөкеннің мүйізі мен етін тасымалдап оны сақтап, өткізіп, қылмыстық жолмен ақша тауып жүрген. Қазір аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.

- 18 қазан күні Қызылорда облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасымен жедел іздестіру шараларын жүргізу барысында жойылып кету қаупі төніп тұрған киік жануарын тасымалдап, сақтап, өткізіп, қылмыстық жолмен қаражат тауып жүрген үш облыс тұрғыны құрықталды. Күдіктілердің үйін тексеру барысында 53 өлі киік, 12 мүйіз, тіркеуде жоқ 12 калибрлі аңшы мылтығы, пышақтар және жол талғамайтын екі автокөлік айғақ  ретінде алынды, - деді Қызылорда облысы ПД тергеу басқармасының тергеушісі Абылайхан Сейдахан. 

Қазір оқып жатыр

14 қыркүйектен бастап тұрғын үй кезегіндегі азаматтардың деректері тексерілмек

Отбасы банк

Тоқаев қазан айында Қазақстан халқына Жолдау жасайды

Қасым-Жомарт Тоқаев

«Дұғам қабыл болды»: Бақытжан Базарбек жол апатында зардап шеккен жігіттің қазіргі жағдайын айтты

Базарбек қатысқан жол апатында зардап шеккен адам есін жиды

Алматы – Қорғас тас жолында мас күйде жол апатын жасап, үш адамның өмірін қиған жүргізуші 10 жылға сотталды

Алматы – Қорғас тас жолындағы жол апаты