USD
USD
USD

Қашықтан оқып жатқан екі баладан КВИ анықталды

Қызылорда облысында 19 қарашадағы мәлімет бойынша коронавирус инфекциясының 5 жағдайы тіркелген.

Қашықтан оқып жатқан екі баладан КВИ анықталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Оның 1-і Қармақшы ауданында, 4-і Қызылорда қаласында болған. Айта кетерлігі, қатерлі дертті жұқтырған адамдардың 3-і бір отбасыдан шыққан. Олар бір-бірімен жақын қарым-қатынаста болғаны анықталды. Қатерлі дертті жұқтырғандар арасында 2011 және 2013 жылы дүниеге келген 2 оқушы бар. Оқушылар қашықтан білім алады. «Науқастардың арасында ПТР анализі 4 адамнан коронавирус инфекциясымен ауырған адаммен қарым-қатынаста болуына байланысты алынған. Ал 1 адам денсаулық жағдайына байланысты өздігінен медициналық көмекке жүгінген.

Науқастардың 1-де аурудың клиникалық белгісі байқалса, қалғанында ауру белгісінсіз түрде анықталды. Қазіргі таңда 1-і облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында ем қабылдап жатыр. Қалғаны үйде ем алуда және медициналық бақылауға алынды», - деп мәлім етті Қызылорда облысы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті. Ведомство мәліметінше, ауру ошақтарында мамандар індетке қарсы іс-шаралар ұйымдастырылған. Науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар медициналық бақылауға алынған.

Қазір оқып жатыр

Алматыда қолы қанға малынған ер адам сұлулық салонына кіріп, дүрбелең туғызды

Алматы

Президент үй жануарларын азаптағандарды қатаң жазалауды тапсырды

Ит

Бекіре тұқымдас балық пен уылдырық сатып алғандар жауапқа тартылады

Уылдырық

Петропавлда темекі тұқылынан көппәтерлі үй өртеніп, 100-ден астам адам эвакуацияланды

Өрт сөндірушілер