USD
USD
USD

Қызылорда облысында із-түссіз жоғалған ер адамның мәйіті табылды

Қызылорда облысында із-түссіз жоғалған ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда облысында із-түссіз жоғалған ер адамның мәйіті табылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 12 қыркүйек Қызылорда облысының тұрғыны өз басқаруындағы жеңіл автокөлігімен Нұр-Сұлтан қаласына шығып, хабар-ошарсыз жоғалу дерегіне қатысты Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 99-бабының 1-бөлігімен қылмыстық іс тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері басталған.

Қылмыстық істің төңірегінде хабар-ошарсыз кеткен ер адамды анықтау бағытында кешенді жедел-іздестіру іс-шаралары ұйымдастырылып, оған жедел уәкілдер мен учаскелік полиция инспекторлары арасында құрылған бірнеше мобильді топтар, Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері, Ұлттық гвардияның сарбаздары және туған-туысқандары, жолдастары мен еріктілер тартылып, жұмылдырылған.

Кешенді іздестіру іс-шараларына арнайы техникалар мен тік ұшақ қолданылды.

Нәтижесінде, 19 қазан “Қызылорда-Жезқазған” тасжолының 128-шақырымынан хабар-ошарсыз жоғалушының иелігінде болған жеңіл автокөлігі және жеке заттары табылып, айғақты зат ретінде алынған.

22 қазан сағат 13:25 шамасында кешенді іздестіру іс-шараларын жүргізу және оқиға болған аймақты сүзгілеу нәтижесінде “Қызылорда-Жезқазған” тасжолының 128-шақырымынан батысқа қарай 30-40 шақырым қашықтықтағы далалық жерден белгісіз азаматтың мәйіті табылды.

Тергеу органымен осы далалық жерден табылған белгісіз азаматтың мәйіті хабар-ошарсыз жоғалған ер адамға тиесілі болуы мүмкін екеніне болжам жасалған. Қазіргі уақытта оқиға болған жерге жедел-тергеу тобымен және Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлерімен тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Осы ретте, мәйітті тануға ұсыну туралы тергеу әрекетін және тиісті сот-сараптамаларын жүргізу нәтижесінде белгісіз азаматтың мәйіті нақты кімге тиесілі екені анықталатын болады.
 

Қазір оқып жатыр

«Ұмай» ипотекасына бөлінген 20 млрд теңгенің лимиті бір күнде таусылды

Пәтер кілті

«Қазпоштаны» табысқа шығарған Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Әсел Жанасова

Нұрлан Сауранбаев көлік министрі қызметінен босатылды

Нұрлан Сауранбаев

Алматыда автобустар саны азайды: тұрғындар әкімдікке шағымдануда

Қоғамдық көлік