USD
USD
USD

Қызылорда облысында ер адам жеңгесі мен құдасын бауыздап өлтірді

Қызылорда облысының Шиелі ауданына қарасты Алмалы ауылында жанжал кезінде ауыл тұрғыны жеңгесі мен оның әкесін пышақтап өлтірген. Бұдан соң күдікті пойыздың астына түсіп өліпті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Қызылорда облысында ер адам жеңгесі мен құдасын бауыздап өлтірді
Фото: NEGE.kz

Алматы,  NEGE.  Алмалы ауылы тұрғынының айтуынша, көз жұмған келіншек ауру әкесін қолына алып баққан.

“Ол өздігінен жүріп-тұра алмайды екен. Науқас адамның күтімі де бөлек болады ғой. Мәселенің мәнісі осыдан басталған. "Өз үйімізде өзіміз еркін жүре алмадық қой" деген сыңайдағы әңгіме айтқанға ұқсайды. Жанжалдың аяғы кісі өлімімен аяқталып отыр. Жеңгесін пышақтап өлтірген жігіт құдасын да пышақтады. Жеңгесі сол жерде көз жұмған деп жатыр. Құдай сақтасын, бауыздаған дей ме, не деген қатыгездік... Құдай адамның басына салмасын мұндайды”, – дейді тұрғын. 

Оның айтуынша, адамдарды өлтірген соң азамат өзі де пойызға басылып мерт болған. 

Болған оқиға туралы Қызылорда облысының полиция департаменті пікір білдірді. Олардың мәліметінше, жантүршігерлік оқиға 9 қазанда болған. 

"Қылмыстық кодекстің 99-бабының 2-бөлігінің 1-тармағы (Адам өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Сонымен қатар, күдіктінің жүк пойызының астына түсіп қайтыс болу дерегі бойынша қылмыстық кодекстің 344-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. Оқиғаның мән-жайы анықталып, тиісті сараптамалар тағайындалды. Басқа мәлімет Қылмыстық процестік кодекстің 201-бабына сәйкес жария етілмейді", – делінген хатта.

Сондай-ақ көз жұмған келіншектің пышақталған әкесі де жансақтау бөлімінде қаза тапқан. Туыстарының айтуынша, марқұмды бүгін жер қойнына тапсырады.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда ескі көліктерді утилизациялау бағдарламасы қайта іске қосылмақ

утиль алымы

Қазақстанда тұрғын үйге сұраныс төмендегенімен, жаңа баспананың бағасы 14,6%-ға өскен

Баспана

2028 жылға қарай мектеп пен ЖОО түлектерінің 80%-ы ЖИ бойынша базалық дағдыларды меңгереді

Digital Qazaqstan

Қазақстан медицинасы бірыңғай цифрлық жүйеге көшеді

Сот-медициналық сарапшы