Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Қызылорда облысында эпидемиологиялық ахуал тұрақталды ма?

Қазір науқастар қатары айтарлықтай азайды. Облыс әкімі коронавируспен күрес және облыс экономикасын одан әрі дамыту бағытында қолға алынған жұмыстар жөнінде арнайы баспасөз мәслихатын өткізді.

Қызылорда облысында эпидемиологиялық ахуал тұрақталды ма?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Сыр өңірінде індетке шалдыққандардың 69%-тен астамы жазылып шықты. Вирус өршіген кезде лық толған ауруханалардағы жағдай тұрақталды. Стационарлардағы жүктеме орта есеппен 34%-ке жеңілдеген. Өңірде тағы 4 ПТР тест аппараты іске қосылып, жалпы санын 10-ға жеткізу көзделіп отыр. Осылайша, тәулігіне 1500 сынама нәтижесін анықтауға мүмкіндік туады.

Облыс әкімі: Гүлшара Әбдіқалықова: "Жұмыс істеп тұрған 107 өкпені жасанды желдету аппараты бар. Қажеттілік қосымша 144-і құрайды. Жергілікті бюджеттен 14 аппаратқа қаржы қаралды. Сатып алу процесі жүруде. Денсаулық министрлігіне 192 өкпені жасанды желдету аппаратына тапсырыс берілді" деді.

 Карантин талаптарын бұзған 62 тұлғаға әкімшілік айыппұл салынған. Осындай жүйелі жұмыс нәтижесінде аймақтағы ахуал тұрақталып келеді. Жедел жәрдемге түсетін шақыртулар саны да 53%-ке азайған. «Дәрі-дәрмек қоры жеткілікті», - деді облыс әкімі. "Облыстың барлық емдеу мекемелері бірінші типтегі костюмдермен, қорғаныс құралдарымен сонымен қатар қажетті бекітілген 26 түрлі дәрі-дәрмектердің 2 айлық қоры қалыптасты. Үйдегі стационар қағидасы бойынша облыс көлемінде 160 мобильдік топ жұмыс істеуде" деді.

 Әлеуметтің әл-ауқаты мен экономиканы дамыту шараларының да жоспары түзілген. Бұл ретте жүздеген жоба жүзеге асып, мыңдаған адам жұмыспен қамтылмақ.

Қазір оқып жатыр

Абай облысы аумағындағы орманды өрттен қорғауға 3 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді

Семей орманы

Футболдан ұлттық құраманы Грекия мен Арменияның бұрынғы бас бапкері басқаруы мүмкін

Джон ван ’т Шкип

Абай облысында бұрынғы жұбайын таяқпен ұрып өлтірген ер адамға үкім шықты

блогер соты

Марқұм фельдшер Ұлдана Мырзуанның жұбайы жаңа некесіне қатысты пікір білдірді

Әділет Зейнел