USD
USD
USD

Қызылорда облысында дәрігерлер жалған ПТР-анықтама сатқан

Қызылорда облысында ПТР-сынамасы теріс нәтиже көрсеткен жалған анықтамаларды сатқан медицина мекемесінің екі қызметкері ұсталды.

Қызылорда облысында дәрігерлер жалған ПТР-анықтама сатқан
Фото: NEGE.kz

Алматы,  NEGE.  "Қызылорда облысы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет екі медицина мекемесінің қызметкеріне қатысты қылмыстық іс бойынша тергеуді бастады. Олар 2020-2021 жылы жүйелі түрде, COVID-19-ға арналған ПТР-сынамасының теріс нәтижесі көрсетілген анықтамалар сатып келген. Анықтама вахталық әдіспен жұмыс істейтін жұмысшыларға, шетелге саяхатқа шығушыларға, Байқоңыр қаласына кіру және т.б. әртүрлі мақсатта пайдалану үшін берілген",- деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ерекше маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Биғайдаров.

Ол бір жалған анықтама құны жеті мың теңгеден болғанын хабарлады.

"Сонымен қатар, медицина қызметкерлері Ұлттық сараптама орталығының аймақтық бөлімшесі лауазымды тұлғаларына пара беру арқылы заңсыз сыйақы алағаны мәлім болды.

Жыл басынан бері Қызылорда облысы тұрғындарына ПТР-сынама тапсырғаны туралы 60-қа жуық жалған анықтама берілгені анықталды. Жалған анықтамалар жасалған компьютерлік техника анықталып, мөр тәркіленді. Медицина қызметкерлері өз кінәсін толық мойындады", - деді Бигайдаров.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстаудағы әскерилер қазасынан кейін Қорғаныс министрлігінде 13 қылмыстық іс қозғалды

Қасым-Жомарт Тоқаев

Атырауда лифт құлап, үш адам ауруханаға жеткізілді

Құлаған лифт орны

ІІМ төрт адам қаза тапқан жол апатына бұрынғы полиция қызметкерінің қатысы бар деген ақпаратқа түсініктеме берді

Сая Әуелбекова

Семейде студенттің шотына 25 адамнан 16 млн теңгеден астам қаражат түскен

күдікті студенттер