5 Тамыз 14:38
...

Қызылорда облысында балалар лагерлерінің бірінде азық-түлік дәретханада сақталған

Фото:

Прокурорлар балалар лагерінен заңсыздық анықтады. 

Алматы, NEGE. Қызылорда облысында прокурорлар тексеру жүргізу кезінде балалар лагерлерінде көптеген бұзушылықтарды анықтады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Бас прокурор жазғы каникулда балалардың қауіпсіздігін қорғау және бақылау мақсатында  демалыс лагерлерінің қызметін тексеруді тапсырған болатын. Осы тапсырмаға сәйкес прокурорлар өңірдегі балалар лагерлерін тексеру кезінде көптеген кемшіліктерді анықтаған.

Ведомство өкілдерінің мәліметінше, биыл білім беру органдары 8 мыңға жуық баланы балалар лагеріне жіберуді жоспарлаған. Оның ішінде бүгінде 3 мың 464 бала демалып үлгерген.

Прокурорлар Шиелі ауданында орналасқан «Сыр ұланы» лагерінің қызметін тексеру барысында азық-түліктің ескі дәретхана бөлмесінде сақталғанын және балалар үшін жуынатын душтың жоқ екенін анықтады. Қазалы ауданындағы «Шағала» лагерінде суы лас бассейнде балалардың шомылуын ұйымдастырылғанын, сондай-ақ микробиологиялық зерттеу нәтижелері бойынша асханалық ыдыста ішек таяқшасы анықталған. Сырдария ауданындағы «Жалын» лагерінде төсек-орын жабдықтарын (матрастарды) дезинфекциялау және басқа да көптеген санитарлық-эпидемиологиялық нормалар сақталмаған, – делінген прокуратура хабарламасында. 

Тегтер: