USD
USD
USD

Қызылорда облысында 8 адам жол апатынан көз жұмды

 Полиция мәліметінше, оқиға 15 қаңтарда Шымкент-Самара тас жолының 1397 шақырымында Қызылорда облысының Арал ауданы Аралқұм елді мекенінің тұсында  орын алды.

Қызылорда облысында 8 адам жол апатынан көз жұмды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қазіргі таңда жол апаты бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабының 4-бөлігімен (Автомобильдi басқаратын адамның жол жүрісі қағидаларын бұзып, абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соғу) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде.

Жол апаты салдарынан 8 адам көз жұмды. Тиісті сот сараптамалары тағайындалды. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайлары анықталуда.

Өңірде ауа райының қолайсыздығына байланысты Қызылорда облысының комендатурасы жүргізушілерді  жылдамдық мөлшерін арттырмай, жолда жүру ережесін сақтауларын сұрайды. Қажетті ара қашықтықты ұстап, қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, жол ережесін қатаң түрде ұстану қажеттігін ескертеді.

Қазір оқып жатыр

Инвестицияның орнына 25 пайызбен $21 млн несие: Манка алтын кен орны төңірегінде дау шықты

Йылдырым

«37 іс бойынша тергеп-тексеру басталды»: Қорғаныс министрлігін тексерудің аралық қорытындысы айтылды

Ақтаудағы сарбаз өлімі

Криштиану Роналду Португалия құрамасындағы мансабын аяқтады

Криштиану Роналду

«Шетелдік жабдықты отандық өнім ретінде өткізген»: OrdaMed басшысы Грузиядан Қазақстанға жеткізілді

Күдіктіні экстрадициялау сәті