USD
USD
USD

Қызылорда облысында 4 адам неден қайтыс болды?

 Қызылорда облысында газ баллоны жарылып, төрт адам қайтыс болды. Облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова қайтыс болған азаматтардың туған-туыстарына Сыр елі жұртшылығы атынан қайғыра көңіл айтты. 

Қызылорда облысында 4 адам неден қайтыс болды?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Жерлестер! Бүгін Қармақшы ауданы Жосалы кенті Рүстембеков көшесі, 29 мекенжайында орналасқан жеке тұрғын үйде түскі сағат 13:30 кезінде 27 литрлік газ баллоны жарылып, 144 шаршы метр жер өртке оранып, 4 адам көз жұмды. Қайтыс болған азаматтардың туған-туыстарына Сыр елі жұртшылығы атынан қайғыра көңіл айтамын», – деп жазды облыс әкімі.

Сондай-ақ, облыс әкімі қайтыс болғандардың аты-жөнін жариялады. Олар:

2001 жылы туған С. Өміртаева,

1981 жылы туған Р. Айтмаханова,

2000 жылы туған Н. Айтмаханова,

1999 жылы туған С. Мырхиев.

Өрт сөндіру бөлімшесінің қызметкерлері келгенге дейін 1950 жылы туған С. Алмаханова хирургия бөлімшесіне жатқызылған.

«Бұл бәрімізге де жеңіл тимеді. Қазіргі таңда осыған байланысты мәселе менің тікелей бақылауымда тұр. Өрттен, судан, басқа да апаттан аман болайықшы, жерлестер!», – деп жазды Әбдіқалықова.

Қазір оқып жатыр

Астанада әйел 15-қабаттан секіріп, бала отырған арбаның үстіне құлаған

.

Қазақстанда «миллион пәтер тегін беріледі» деген жалған видео тарады

.

Ақмарал Әлназарова қайтыс болғаннан кейін донор болуға келісім берді

Ақмарал Әлназарова

Конституциялық құндылықтардан жаңа этикаға дейін – Ерлан Қарин ішкі саясаттың негізгі бағыттарын айқындады

.