USD
USD
USD

Қызылорда облысында 34,1 мың жасөспірім коронавирусқа қарсы егілді

Қызылорда облысында 38 мыңнан астам адам «Pfizer» вакцинасының бірінші компонентін салдырды, деп хабарлайды облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті.

Қызылорда облысында 34,1 мың жасөспірім коронавирусқа қарсы егілді
Фото: NEGE.kz

Астана, NEGE. Қазірге дейін өңірде барлығы 38 746 адам «Pfizer» вакцинасының бірінші компонентін салдырды. Бұл - тиісті контингенттің 38,9 пайызы. Олардың 16,2 пайызы екі компонентін алды.

Оның ішінде 34 102 жасөспірім, 1908 жүкті әйел, 3530 емізулі ана қамтылды.

«Бүгінге дейін аталған вакцинаны салдырғандар арасында 12-17 жас аралығындағы жасөспірімдер саны басым. Олардың 20,4 пайызы екі компонетін де алып үлгерді. Ал жүкті әйелдер арасында бірінші компонентпен - 8,4, лактация кезеңіндегі әйелдер арасында 8,3 пайызды шамалайды», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінен.

Қазір оқып жатыр

Болат Өтемұратов OLX Қазақстанды 81 миллион долларға сатып алды

Болат Өтемұратов

Ташкентке жарысқа барып, ауруханаға түскен жас футболшылар елге оралды

Ташкентте емделген футболшылар мен дәрігерлер, елшілік өкілдері

Павлодар колониясында 12 жылға сотталған жігіт өлі күйінде табылды

рақымшылық

Қазақстан бензин мен дизель отынын шетелге шығаруға тағы алты айға тыйым салды

Ресейге бензин жеткізу