2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы жалпыұлттық аза тұту күні 25 сентября 2026 года – День общенационального траура в Республике Казахстан
USD
USD
USD

Қызылорда облысында 300 балаға арналған мектеп салынады

Қызылорда облысының Сексеуіл кентінде Президенттің тапсырмасына орай жаңа мектеп салынатын болды. Сексеуіл кентінде 3 мектеп, 2 жарым мың оқушы бар. Сол білім ұяларының екуінде орын тапшы.

Қызылорда облысында 300 балаға арналған мектеп салынады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Оның үстіне бұл оқу ошақтары темір жолдың тек бір жақ бетіне орналасқан. Сексеуілдің 600-ден астам оқушысы темір жолдың арғы бетінен мектепке қатынайды. Жол қысқартқысы келгендері қаз-қатар жатқан мына 15 рельсті аттап, вагондардың астымен өтуге мәжбүр. Бұл әрине кішкентайлардың өмірі үшін аса қауіпті. Ақпарат құралдары арқылы айтулы мәселеге қаныққан Президент пәрмен беріп, жаңа мектеп құрылысы бірер күнде басталатын болды. Қаржысы толық шешілген. Құны 730 млн теңгеден асады.

Тоғыз жолдың торабында тұрған Сексеуіл кентінде аурухана мәселесі де көптен өзекті болып келді. Көне ғимаратының тозығы жетіп, таршылық етті. Тұрғындар тілегі ескеріліп, жаңа аурухана салынып жатыр.  Жалпы құрылыстың құны 782 млн теңге болады. 2019 жылы құрылыс жұмыстарын бастауға облыстық бюджеттен 50 млн теңге бөлінген еді. Енді биыл құрылыс жұмыстарын жалғастыруға 200 млн теңге қаржы бөлінді. Бұл қаржыға тиісті жұмыстар жалғастырылатын болады. Құрылыстың ұзақтығы нормативке сәйкес 21 ай. Облыс әкімі 11 мың тұрғыны бар елді мекендегі мектеп құрылысын жаңа оқу жылына дейін аяқтауды тапсырды.

Қазір оқып жатыр

«Жауапкершіліктен жалтармаймыз»: Қорғаныс министрі Каспийдегі трагедиядан кейін алғаш рет мәлімдеме жасады

Қорғаныс министрі

Қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына кім және қандай көмек көрсетпек?

Қаза тапқан әскерилер

Рөлі істен шығуы мүмкін: Volkswagen мен Audi-дің 900 мыңға жуық көлігі кері шақырылды

Көліктер

Қазақстан құрамасының тағы бір көшбасшысы Ұлттар лигасындағы матчтарға қатыспайтын болды

Максим Самородов