USD
USD
USD

Қызылорда облысында 26 кәсіпкерлік нысанға зиян келді

 Қызылорда облысында жаппай тәртіпсіздік салдарынан 26 кәсіпкерлік нысанға зиян келген. 

Қызылорда облысында 26 кәсіпкерлік нысанға зиян келді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Төтенше жағдай режимі 24 қаңтарға дейін ұзартылды» - ақпарат жалған Астанада төтенше жағдай режимін бұзған 64 адам жауапқа тартылды Қызылорда облысында зардап келген кәсіпкерлік нысандар саны 26-ға жетті. Бұл жөнінде жергілікті бизнес өкілдері Кәсіпкерлер палатасы, облыстық Кәсіпкерлік және туризм басқармасына хабарласқан. Оларға келген шығынның жалпы сомасы 395,4 млн теңге шамасында.

«Айта кетсек, Қызылорда қаласында орналасқан «Компас», «Sinooil», «ГазЭнерджи» жанар-жағар май бекеттеріне, «Сұлтан», «Фристайл», «Бірлік», «Аль-асад» сауда үйлері ғимараттарына, төлем терминалдарына, «М-Ломбард» нысанына залал келтірілген. Бұл орындарда азық-түлік, алтын бұйымдар, ақша тонау деректері тіркелген. Әзірге келтірілген залалдың нақты көлемін айту қиын. Дегенмен кәсіпкерлердің өтінішін алдын ала есептесек, залалдың жалпы сомасы 395,4 млн теңгені құрайды», - дейді Қызылорда облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Ғалымбек Жақсылықов. Ведомство мәліметінше, шығындар әлі де есептелуде. Байланыс қалпына келтірілгеннен кейін кәсіпкерлерден толық ақпарат алынады.

Қазір оқып жатыр

Семейдегі матчтан кейін басы дауға қалған төреші бес тәулікке қамалды

Арман Исмұратов

Қазақстандықтардың жеке деректері шетелде жабық сайт арқылы сатылған

жеке деректерді тарату

12 адам қаза тапқан өрт: «Центр плова Loft» ісі бойынша тергеу аяқталды

дәмхана

Ресей МӨЗ-іне жасалған шабуылдан қазақстандық зауыттың жұмысы тоқтауы мүмкін

Конденсат