USD
USD
USD

Қызылорда облысында 1 мыңға жуық оқушы тұмауға шалдықты

 Қызылорда облысында оқушылардың 99 пайызы дәстүрлі форматта білім алуда.

Қызылорда облысында 1 мыңға жуық оқушы тұмауға шалдықты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Өңірде оқушылар арасында коронавирус инфекциясының таралу қаупін төмендету мақсатында қажетті шаралар тізбегі қабылданды. Дегенмен, облыс көлемінде мектеп оқушыларының 0,16 пайызы инфекция жұқтырғаны расталды. Қазіргі таңда оқушылардың 99 пайызы штаттық режимде білім алуда. «Қазір ауа райының күрт салқындауына байланысты оқушылар арасында тұмаумен ауырғандар саны көптеп тіркелуде. Бүгінде облыс көлемінде 924 оқушы тұмаумен сырқаттанған. Олардың 70 -і емханада, 854-і үй жағдайында ем алып жатыр. Балалардың жағдайы жақсы, тиісті емдеу шаралары жүргізілуде», - деді облыстық Білім басқармасының басшысы Ақзира Қасымова. Еске салсақ, Қызылорда облысына коронавирусқа қарсы «Pfizer» вакцинасының 17 мың дозасы жеткізіледі.

Қазір оқып жатыр

Face ID жүйесіне қарсы шыққандарды полиция алып кеткен: басқарма не дейді?

Face ID

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Пап-Алиун Ндиайе