USD
USD
USD

Қызылорда облысында 15 адам Конго-Қырым безгегін жұқтырған

Қызылорда облысында Конго-Қырым безгегін жұқтырғандар саны 15-ке жетті. 8 адамда безгек зертханалық жолмен анықталған.

Қызылорда облысында 15 адам Конго-Қырым безгегін жұқтырған
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Орталық коммуникациялар қызметінде мамандар аймақ тұрғындарын үй жануарлармен жұмыс істегенде абай болуға және зиянкестерден қорғануға шақырды. 

"Конго-Қырым геморрагиялық безгегін жұқтырғандардың көбі ауыр жағдайда ауруханаға жатқызылды. Олардың 70% клиникалық белгілердің бар екеніне қарамастан, дер кезінде медициналық көмекке жүгінбеген. Қазір тұрғындар ем қабылдап жатыр", – деді облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әлия Әбдіқайымова. 

Оның айтуынша, облыста Конго-Қырым безгегін тарататын кененің 16 түрі бар. Нәтижесінде жыл сайын ауру тасымалдаушы кенелердің саны көбейген. Республика бойынша кене шағу көрсеткіші орташа 4,2 болса, облыста бұл көрсеткіштен асып кеткен. 

Әлия Әбдіқайымова Конго-Қырым безгегінің мамыр және маусым айларында қауіпті екенін мәлімдеді. 

Облыстық инфекциялық аурухананың бас дәрігері Айна Мұхамбетованың сөзінше, ауруханаға түскен науқастардың барлығы ауруды соңғы аптада жұқтырғандар. 

"Ауруханаға түскен күннен бастап арнайы препараттар беріледі, күшейтілген 3 реттік зертханалық сараптама жүреді. Конго-Қырым безгегінің негізгі белгілері бас айналу, жүрек айну, безгек және іш өту. Бұлардан бөлек тіс пен мұрын қанауы мүмкін. Егер осы белгілер байқалса, бірден медициналық сараптамадан өту керек. Себебі ауру асқынып кетуі мүмкін", – деді Айна Мұхамбетова. 

Қазір оқып жатыр

«Өзекті мәселелерді талқылады»: Тоқаев пен Путин телефон арқылы сөйлесті

Тоқаев, Путин

Ақтөбе облысында екі жүзге жуық адам уланып қалған мейрамхана заңсыз жұмыс істеген

мейрамхана

Елордадағы LRT-ға Tarlan Astana атауы берілді

ЛРТ

Алматыда такси жүргізушісі шетелдіктерді әуежайдан орталыққа дейін 72 мың теңгеге апарған

Такси