USD
USD
USD

Қызылорда облысы Мәдениет ауылында әкім сайлауы өтіп жатыр

Қызылорда облысы Мәдениет ауылында әкім сайлауы өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қызылорда облысы Мәдениет ауылында әкім сайлауы өтіп жатыр
Фото: NEGE.kz

Қызылорда, NEGE. Жергілікті тұрғындар ауылдық округ әкімі болуға үмітті кандидаттарға дауыс беріп, өз таңдауын жасауда.

Таңғы сағат 07.00-де №144 сайлау учаскесі ашылып, алғашқы келген сайлаушыларға сыйлық берілді.

«Отбасымызбен бірге сайлауға қатысып, ауыл әкіміне кандидат болған азаматқа дауыс бердік. Сайланатын әкім ауылымыздың келешегі үшін барлық игілікті істер жасайды деп сенеміз. Әрбір тұрғын ауылдың жаңарып, науан келбетінің жарқырағанын қалайды», - деді ауыл тұрғыны Ерлан Жанаев.

Ауылдық округінің әкіміне 4 азамат үміткер болды. Оның барлығы да өзін-өзі ұсыну тәртібімен науқанға қатысуда.

Айта кетсек, Мәдениет округінде 1102 сайлаушы тіркелген.

Еске салайық, жыл басынан бері Қызылорда өңірінде 16 ауылдың әкімі сайланды.

Ал, жыл соңына дейін аймақта жоспарлы тағы 9 ауыл әкімінің сайлауы өткізіледі.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан мен Корея: өндіріс, технология және инвестицияға негізделген жаңа серіктестік

Руслан Изимов

Шымкентте полицейлер экс-чемпион Әділ Тілектестің қазасына қатысты деректі тексеріп жатыр

Әділ Тілектес

Оңтүстік Корея президенті генерал Хон Бом Доның сүйегін қайтарғаны үшін Қазақстанға алғыс айтты

 Қасым-Жомарт Тоқаев, Ли Чжэ Мён

Мәслихат төрағасы жиналыс үстінде темекі тартқаны үшін жауапқа тартылды

Қанат Саққұлов