USD
USD
USD

Қызылорда: қора өртеніп, 30 қозы жанып кетті

Қызылорда облысы Шиелі ауданында қора өртеніп, 30 қозы жанып кетті.

Қызылорда: қора өртеніп, 30 қозы жанып кетті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Оқиға  Шиелі ауданы, Н. Бекежанов ауылында болды. Елді мекендегі мал қора толығымен жанып кеткен.

«112» құтқару қызметіне хабарлама түскеннен кейін, 7 шақырым жерде ең жақын орналасқан өрт сөндіру қызметінің бөлімі дереу жетті. Мамандар оқиға орнына барғанда көлемі 80 шаршы метрді құрайтын мал қора жанып жатқан. Оның қабырғасы кесектен салынып, төбесі қаңылтырмен жабылған. Өрт сөндірушілердің іс-қимылының арқасында өрт сағат 15.15-те толығымен жойылды. Оқиға барысында 30 бас жаңа туған қозы жанып кетті. Өртті сөндіруге 7 қызметкер 1 техника жұмылдырылды», – деп мәлім етті Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінен.

Қазір оқып жатыр

Қазақстандықтар бензин сапасына 92 рет шағымданған: көш басында қай қала?

бензин сапасы

Атырау мұнай өңдеу зауытында төтенше жағдайлар кезінде 100 тоннадан астам газ жағылған

Атырау мұнай өңдеу зауыты

Мешітте балаларды ұрған ұстазға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Мешіт ұстазы

Көршісі ұрып, кейін өзі арыз жазған: әнші BikaBreezy ақталды

Bikabreezy