USD
USD
USD

Қызылорда халқы теміржол көпірін көбейтуді сұрады

 Қызылорда облысында 2017 жылдан бері темір жол бойында 30-ға жуық адамды пойыз қаққан.

Қызылорда халқы теміржол көпірін көбейтуді сұрады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Шойын жолдың белгіленбеген жерінен өту заңға қайшы болғанымен тұрғындардың көбі қауіпті төте жолды үйреншікті бағыты қылып алған. Осы орайда сырбойылықтар қаланы қақ жарған қос рельсті магистраль бойынан жерасты немесе жолүсті бірнеше өткел керек деп отыр. 50 мыңдай тұрғын қоныстанған Шаңқай шағын ауданы мен қала орталығын байланыстыратын төте жол болғандықтан ескі темір жол өткелінен адам үзілмейді. Арнайы бекет болмағандықтан жүрдек пойыздар жылдамдығын бәсеңдетпей өтеді екен.   

Жергілікті жұрт аспалы және тесік көпір атап кеткен өткелдердің арасы ондаған шақырым болғандықтан «КБИ» шағын ауданының тұрғындары да темір жолды әр жерден кесіп өтеді. Желілік ішкі істер бөлімі мен ювеналды полиция және жол дистанция қызметкерлері тұрғындарға түсіндірме жұмыстарын ұдайы жүргізеді. Әсіресе құлаққап таққан жүргіншілерге ескертулер жиі жасалады. Тіпті өткен жылы белгіленбеген жерден өткені үшін мыңға жуық адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Дегенмен халық талапқа сай көпір болмағандықтан үйреншікті сүрлеумен тіке тартады.  

Қазір оқып жатыр

Face ID жүйесіне қарсы шыққандарды полиция алып кеткен: басқарма не дейді?

Face ID

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Пап-Алиун Ндиайе