USD
USD
USD

Қызылорда: Әкімдер сайлауында 151 кандидат бақ сынайды

Қызылорда облысында 40 ауылдық округте тұрғындар әкімдер сайлауына қатысуына мүмкіндік алды.

Қызылорда: Әкімдер сайлауында 151 кандидат бақ сынайды
Фото: NEGE.kz

Өңірде 40 ауылдық округ бойынша әкім сайлауына 151 кандидат ұсыныс білдірген болатын.

Олардың арасында 53-і саяси партиялар құрамынан болса, 98-і өзін-өзі ұсынушылар. «Календарлық жоспарға сәйкес әкімдікке кандидаттарды тіркеу 14 шілде жергілікті уақыт бойынша 18.00-де аяқталды.

Нәтижесінде 134 кандидат тіркелді. Олардың арасында 49-ы саяси партиялар құрамынан болса, 85-і өзін-өзі ұсынғандар.

Айта кетерлігі, 3 кандидатты тіркеу тоқтатылды. Бұл бойынша 2 кандидаттың декларация мәліметтері дұрыс келген жоқ, 1 кандидат өз өтінішіне сәйкес әкімдер сайлауына қатысудан бас тартты», - деді облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Ғалым Баймырзаев.

Оның айтуынша, барлық талаптарға сай келген 131 үміткер әкімдер сайлауына қатысуға мүмкіндік алды. Ол барлық ұсынылған азаматтардың 86,7% құрайды.

Қазір оқып жатыр

«Соңғы нәтиже сын көтермейді»: Скотт Манн ұлттық құраманың ойынына қатысты үн қатты

Скотт Манн мен Джон ван ’т Схип/kff.kz

Қарашадағы жиналыс. «Алтыналмас» НЕГЕ дайындалып жатыр?

Almas

Отбасы банк қарызды өтеу үшін несие беруді уақытша тоқтатты

Отбасы банк

Қырғызстанның бұрынғы президентінің ұлы 4 жылға сотталды

Қадырбек Атамбаев