USD
USD
USD

«Қызылорда – Семей» бағытындағы жолаушылар пойызынан өрт шықты

Жолаушылар пойызынан өрт шықты. 

«Қызылорда – Семей» бағытындағы жолаушылар пойызынан өрт шықты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Жамбыл облысында жолаушылар пойызынан өрт шығып, 34 адам қауіпсіз аумаққа көшірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Рolisia.kz-ке сілтеме жасап.

«8 қазан күні сағат 02.45-те көлік полициясына Жамбыл облысындағы «Бурный - Сұрым» өткелінде «Қызылорда – Семей» бағытындағы жолаушылар пойызының электрқондырғы бөлмесінде өрт болғаны жөнінде хабарлама түсті.

Оқиға орнына көлік полициясының жедел-тергеу тобы жетіп, өртенген вагонның екі жағын дереу ағытты, 34 жолаушыны қауіпсіз вагондарға шығарды», - делінген мәліметте.

Полиция ақпаратына сүйенсек, пойыз бригадасымен бірлесіп, көлік полициясы патрульдік нарядының қызметкерлері Шамиль Керімбаев пен Ержан Майсупов кәсіби шеберліктерін көрсетіп, адам өміріне араша түсті.

«Бірлескен іс-шараның нәтижесінде жолаушылар зардап шеккен жоқ. Аталған факті бойынша тергеу басталды», - деп нақтылады полициядан.

Қазір оқып жатыр

«Оземпик», «Мунджаро»: арықтататын препараттардың пайдасы мен қаупі қандай?

Оземпик

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің ішкі істер министрлерімен кездесті

Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің ішкі істер министрлерімен кездесу

Алаяқтар енді eGov қызметкері ретінде хабарласа бастаған

алаяқтық

«75-тің хаты»: Қырғызстанда Қамшыбек Ташиевке шыққан үкім өзгертілді

Қамшыбек Ташиев