USD
USD
USD

Қызылорда облысындағы ауылдарды сумен қамтуға қайтарылған активтер қаражаты есебінен 2,2 млрд теңге бөлінді

Еліміздің оңтүстік өңірлері тұрғындарын сумен қамтамасыз ету мәселелерін шешу – Үкімет жұмысының Президент тапсырмасымен айқындалған басым бағыттарының бірі.

Ауыз су
Фото: pixabay.com

Алматы, NEGE.  Арнаулы мемлекеттік қордан Қызылорда облысында алты сумен жабдықтау нысанын салу жобаларын жүзеге асыруға 2,2 млрд теңге бөлінді.  Жобалар жалпы 1,8 мыңға жуық тұрғыны бар Арал және Қазалы аудандарындағы ауылдарды қамтиды.

Аталған шараларды жүзеге асыру Тастүбек, Ерімбетжаға, Шәкен, Шилі, Шитүбек және Сарбұлақ ауылдарын сапалы сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Жұмысқа топтық сумен жабдықтау жүйелеріне қосу да, ауылшілік желілерді салу да кіреді.

Мердігерлік ұйымдар анықталып, жоба қаржыландырылды. Нысандар құрылысын аяқтау және оларды пайдалануға беру 2025 жылдың соңына жоспарланған.

Қазір оқып жатыр

Бірі өсті, бірі шегінді. Қазақстанның сегіз банкі НЕГЕ активінен айырылды?

bank

Әйелдер мен балаларды қорғайтын жобаға не кедергі: депутат екі министрлікке талап қойды

Лариса Ли

Қазақстанда құрылыс талаптарын бұзғандарды лицензиясынан айыруы мүмкін

Құрылыс компаниялары

Қазақстанда жаңа мұнай өңдеу зауыты салынуы мүмкін

Атырау мұнай өңдеу зауыты