USD
USD
USD

Қызылорда облысында заңсыз алтын өндірді деген күдікпен 13 адам қамауға алынды

Қаржылық мониторингі агенттігі Қызылорда облысы Шиелі ауданында бағалы металдарды заңсыз өндірумен айналысқан қылмыстық топ әшкереленгенін хабарлады.

заңсыз алтын өндірісі
Фото: Видеодан кадр/ҚМА

Астана, NEGE. Күдіктілерді ұстау операциясын Агенттіктің Қызылорда облысы бойынша департаменті прокуратураның үйлестіруімен және ҰҚК департаментімен бірлесіп жүргізген.

Тергеу дерегінше, Жаманкөл шатқалында күрделі өндірістік өңдеуді қажет етпейтін табиғи алтын өндіріліп келген. 

Заңсыз әрекетті жасыру үшін топ мүшелерінен аумақтың айналасына бақылаушылар қойылып, мотоцикл мінген адамдар маңайды торуылдаған. Олар бөгде адамдардың немесе мемлекеттік органдар қызметкерлерінің келгенін алдын ала ескертіп отырған.

Топтағы өзге адамдар алтын іздеушілерді тартып, өндіру жұмысын ұйымдастырса, басқалары тасымалдау мен сатуға жауапты болған. Өндірілген алтын Алматыда сатылып, одан түскен ақшаны топтағы адамдар өзара бөлісіп отырған.

«Тінту барысында құрамында алтыны бар 500 грамнан астам шикізат, 2 арнайы техника, 12 металл іздегіш және 6 автокөлік тәркіленді. Сондай-ақ 2 пневматикалық тапанша мен тегіс ұңғылы мылтық табылды», – деп хабарлады ҚМА өкілдері.

Нәтижесінде 13 адам қамауға алынды.

Қазір оқып жатыр

Бұрын істі болған экс-депутат Жұманғариннің штаттан тыс кеңесшісі болды

Болатбек Әлиев

Ақтаудағы нөсерден кейін әкімдік мердігерді сынға алды

Ақтау

Шымкентте қос мереке: «Ордабасы» ел чемпионы әрі кубок иегері атанды

Ордабасы

Әзілкеш Данияр Жұмәділов «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды

daniyar_dzhumadilov/Instagram