USD
USD
USD

Қызылорда облысында вакцинаға қарсы ата-аналар көп

Қызылорда облысында жұқпалы ауруларына қарсы вакцинаны балаларына салғызуға қарсы ата-аналар қатары артып келеді,-деп хабарлады ҚазАқпарат.

дәрі
Фото: zhivika.ru

Алматы, NEGE. Биыл бұл облыста жұқпалы аурулар белең алған. Былтыр көкжөтел мүлдем тіркелмесе, биыл 116 жағдайы анықталыпты.

«Оған азаматтардың инфекцияға қарсы екпе алмауы басты себеп болып отыр. Көкжөтелмен сырқаттанған балалардың 80-90 пайызы вакцина алмаған. Рас, көкжөтел аса бір қауіпті түрі саналмайды, Дегенмен балаларда өте ауыр жағдайда өтеді. Жөтелгенде бала тыныс ала алмай, тұншығып қалады. Бұл мәселеге немқұрайдылық танытуға болмайды. Оған қоса гепатиттің А түрі де бала денсаулығы үшін қауіпті. Сондықтан да ата-аналардан дәлелсіз ақпараттарға сенбеуін сұраймыз», дейді облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әлия Әбдіқайымова.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Мая Мирзанованың айтуынша, тұрғындар арасында екпеге қарсылық жағдайлар кейінгі кезде жиі тіркеледі.

«Облыс бойынша қызылшаға қарсы екпеге 1600-ден астам баланың ата-анасы қарсылық білдірген. Оның ішінде 600-і Қызылорда қаласында тұрады», - дейді Мая Мирзанова.

Қазір оқып жатыр

Елена Рыбакина алғаш рет әлемнің бірінші ракеткасы атанады

Рыбакина

Қоқыстан табылған нәресте өлімі: прокурор экс-полицейді өмір бойына соттауды сұрады

Пәкістандағы өрт

Alatau City мен оңтүстіккореялық компаниялар қаланың цифрлық егізінің пилоттық жобасын іске қосады

Alatau

Астанада жол ережесін 306 рет бұзған жүргізуші 10 тәулікке қамалды

Күдікті