USD
USD
USD

Қызылорда облысында үшем дүниеге келді

Қызылордалық 28 жастағы Ақбота Әбсаттар үшем дүниеге алып келді. Оның 1-і ұл бала болса, 2-і қыз бала, деп хабарлайды Kazinform.

Қызылордада үшем өмірге келді
Фото: Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасы

Алматы, NEGE. Қызылорда облыстық перинаталдық орталығында 2023 жылдың 8 желтоқсан күні үшем дүниеге келді.

Нәрестерлер анасының жүктілігінің 33-ші аптасында өмір есігін ашты.

Қызылорда қаласында тұратын 28 жастағы Ақбота Әбсаттар мен 30 жастағы Нұрсұлтан Қазбек санитарлық-эпидемиологиялық бақылау саласында қызмет атқарады.

Олардың бұдан бөлек 2 жасар Жантөре атты ұлы бар.

Фото: Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасы

Нәрестелердің дүниеге келгендегі салмағы – 1830, 1670, 1200 грамм болды. Нәрестелер бірнеше минут айырмашылықпен дүниеге келді.

Шақалақтар 1 айға жуық облыстық перинаталдық орталығы дәрігерлердің жіті бақылауында болып, тұрақты ем қабылдады.

Қазіргі таңда сәбилердің және анасының жағдайы жақсы. Нәрестелердің есімін ата-әжесі Әлинұр, Адина, Медина деп қойды.

Абсаттар Ақбота өзінің жүктілігі туралы 6-шы аптада білген. Дәрігерлер алғашқы тексеруде егіздер болуы мүмкін екенін болжаса, 8-ші аптада үшем екенін растады.

«Бұл мен үшін күтпеген жаңалық болды. Жүктілік қалай өтеді екен, балалардың дамуы, жетілуі қалай болады екен деп уайымдадым», – дейді Ақбота Әбсаттар.

Қазір оқып жатыр

«Кәсіби маман»: Аида Балаева журналист Гүлнар Бажкеноваға қатысты пікір білдірді

Гүлнар Бажкенова

Астанада екінші әуежайдың құрылысы келесі жылы басталады

Астана әуежайы

Қазақстанда AI мамандарын даярлайтын жаңа университет ашылады

Жаслан Мәдиев

Жаңа ақпараттық жүйелерді әзірлеуге мораторий енгізілді – Мәдиев

комиссия