Қызылорда облысында су және кәріз тарифтері 25%-ға дейін төмендеді
Қызылорда облысында су мен кәріз қызметтерінің тарифтері қайта қаралды. Тексеру барысында кейбір коммуналдық кәсіпорындардың тарифке енгізілген қаражатты толық әрі мақсатты түрде пайдаланбағаны анықталған.
Астана, NEGE. Талдауды Табиғи монополияларды реттеу комитетінің облыстық департаменті жүргізді. Нәтижесінде тарифтерді төмендету және артық алынған қаражатты тұтынушыларға қайтару үшін уақытша өтемдік тарифтер енгізілді.
Мысалы, «Қызылорда су жүйесі»кәсіпорны бойынша су жеткізу қызметінен 49,3 млн теңге көлемінде негізсіз табыс анықталған.
Осыған байланысты аталған ұйым үгін 2026 жылғы 1 мамырдан 2027 жылғы 30 сәуірге дейін өтемдік тариф бекітілді:
бір текше метр су бағасы 110,62 теңгеден 107,73 теңгеге дейін (ҚҚС-сыз) төмендеді. Яғни, шамамен 2,6%-ға азайды.
Ал ең үлкен төмендеу Арал ауданының Сексеуіл кентінде байқалды. Мұнда «Арал тазалығы» кәсіпорны бойынша сарқынды суларды бұру қызметі бойынша 3,1 млн теңге көлемінде негізсіз кіріс анықталды.
Соған байланысты 2026 жылғы 1 сәуірден 2027 жылғы 31 наурызға дейін өтемдік тариф енгізіледі:
бір текше метр үшін 293,42 теңгенің орнына 220,17 теңге (ҚҚС-сыз). Бұл – шамамен 25%-ға төмендеу.
Мұндай тексерулер алдағы уақытта да жалғасады. Қаражатты тиімсіз пайдаланған кәсіпорындарға тиісті шаралар қолданылатын болады.
Қазір оқып жатыр
Қазақстандық қыздарды Ресейдегі дрон шығаратын зауытқа жұмысқа тартуда – БАҚ
Алматыда бітіру кешіне 200 мың теңгеден жинаған: мектеп директоры жазаланды
Олжас Бектенов орман өрттерін ерте анықтау жүйесінің дайындығын тексерді
Қазақстандық салымшы зейнетақы шотынан ақшасы жоғалып кеткенін айтып, шағымданды