USD
USD
USD

Қызылорда облысында су соратын тағы 13 заңсыз қондырғы анықталды

Су ресурстары және ирригация министрлігі судың «көлеңкелі нарығымен» күресті жалғастырып жатыр.

Су сору қондырғысы
Фото: gov.kz

Алматы, NEGE. Арал-Сырдария бассейндік инспекциясының мамандары Қызылорда облысындағы су нысандарын тексерді. Нәтижесінде Қызылөзек ауылдық округі аумағындағы Сырдария өзенінің Қараөзек тармағынан өз бетінше су тартумен айналысқан 13 заңсыз сорғы қондырғысы анықталды.

Қазіргі уақытта құқық қорғау органдарымен бірлесіп, бұзушылыққа жол берген тұлғаларды анықтау және оларды әкімшілік жауапкершілікке тарту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұған дейін Қызылорда облысында алты шаруа қожалығының 2,3 млн текше метрден астам суды заңсыз пайдаланғаны белгілі болған еді.

Сондай-ақ Арал-Сырдария бассейндік инспекциясы мамандары Шардара аудандық прокуратурасымен бірлесіп, Түркістан облысында 24 тіркелмеген сорғы қондырғысын анықтады. Ал Жайық-Каспий бассейндік инспекциясы Ақтөбе облысында 5 кәсіпорынның суды заңсыз пайдаланғаны жөнінде дерек тіркеді.

«Судың «көлеңкелі нарығына» қарсы жұмыстар жалғасады. Заң бұзғандар міндетті түрде анықталып, жауапқа тартылады. Бұдан бөлек, ел бойынша бассейндік инспекция мамандары шаруалармен және басқа да су пайдаланушыларға суды заңсыз тартып алуға жол бермеу туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр»,

– деді Су ресурстары және ирригация бірінші вице-министрі Нұрлан Алдамжаров.

Қазір оқып жатыр

Ақтөбедегі қайғылы оқиға: АГҚС иесі уақытша ұстау изоляторына қамалды

.

Үкімет жанар-жағармай тапшылығына жол бермеу үшін шекарадағы бақылауды күшейтеді

.

Ақтөбеде өртенген көліктен үш адамның денесі табылды

.

«Атыраулық хакер» Түркиядан Қазақстанға қайтарылды

.