USD
USD
USD

Қызылордада «HRT» атауымен белгілі қаржы пирамидасының қызметі тоқтады

ҚМА-ның Қызылорда облысы бойынша департаменті «HRT» атауымен белгілі қаржы пирамидасының қызметін тоқтатты.

HRT
Фото: ҚМА

Алматы, NEGE. Ұйымдастырушылар азаматтарға заңды инвестициялық жоба ретінде ұсынылған схеманы жарнамалап, оған электросамокаттарды сатып алу және оларды Еуропа елдерінде жалға беру арқылы пайда табуға болады деп сендірген.

Жобаға қатысу үшін қатысушылардан арнайы «HRT» шотына криптовалюта аудару талап етілген.

Негізгі шарт – кем дегенде екі жаңа салымшы тарту болатын.

200-ден астам азамат жобаға 50 мыңнан 35 мың АҚШ долларына дейінгі қаражаттарын салып, ай сайын 1 200 АҚШ долларына дейін сыйақы алып отырамыз деп үміттенген.

Заңсыз алынған кірістің жалпы сомасы 28 млн теңгеден асты.

Тергеу барысында күдіктілер салымшылардың ақшасына екі автокөлік – «BMW 530I Xdrive» және «Changan Alsvin» сатып алғаны анықталды. Аталған көліктерге сот санкциясымен тыйым салынды.

Күдіктілерге қатысты үйқамақ ретіндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.

Сонымен қатар қазіргі уақытта «HRT» қаржы пирамидасының құрылымдық бөлімшелерін еліміздің жеті өңірінде – Ақтөбе, Алматы, Атырау, Жамбыл облыстарында, сондай-ақ Астана және Алматы қалаларында құру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жариялауға жатпайды.

Қазір оқып жатыр

Алматы облысында Отан қорғаушылар күні айрықша аталып өтті

.

Ұрып-соғып, үтікпен күйдірген: Шымкентте балаларына қорлық көрсеткен ана сотқа тартылды

сот

Қытайда екі экс-қорғаныс министрі өлім жазасына кесілді

Сот балғасы

Үкімет курьерлер мен таксишілерге төленетін әлеуметтік төлемдер мәселесін шешу жолын іздестіруде

Курьер