USD
USD
USD

Қызылорда облысында бірнеше пәтерді тонаған күдікті ұсталды

Қызылорда облысында бірнеше пәтер ұрлығын жасап, жәбірленушілерге 10 млн теңгеден астам шығын келтірген күдікті ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz. 

Тонау, Ұрлық, ұры
Фото: Полиция

Алматы, NEGE. Қызылорда қаласы полиция басқармасының қызметкерлері пәтер ұрлығына күдікті жергілікті тұрғынды ұстады. Наурыз айының 7-8 күндері аралығында екі қала тұрғыны «102» арнасына пәтер ұрлығы туралы арызданған: 2 млн теңге және алтын бұйымдар ұрланған.

Ұры үй иелерінің жоқтығын пайдаланып, түнгі уақытта үйдің пластик терезесін бұзып кіріп, құнды заттарды қолды еткен. Сонымен қатар күдіктінің жыл басынан бері тіркелген бұдан бөлек 3 ұрлық дерегіне қатысы бары анықталды. Жәбірленушілерге 10 млн теңгеден астам залал келтірілген.

Қазіргі уақытта полицейлер күдіктінің басқа да қылмысқа қатыс бар-жоғын тексеріп жатыр.

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Қазір оқып жатыр

Арман Шораев 20 тәулікке қамауға алынды

Арман Шораев

«Діндарларды қорлады»: Баян Алагөзова дін туралы айтқан пікірі үшін кешірім сұрады

Баян Алагөзова

Дастан Сәтпаев уақытша «Челсиге» оралды

Дастан Сәтбаев

Қазақстанда автонесиелеуге сұраныс төмендеген: қаржыгерлер себебін түсіндірді

автонесиелеу