2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы жалпыұлттық аза тұту күні 25 сентября 2026 года – День общенационального траура в Республике Казахстан
USD
USD
USD

Қызылорда облысында боранды күні жоғалып кеткен бақташы табылды

Қызылорда облысында боранды күні жоғалып кеткен бақташы табылды, деп хабарлайды Polisia.kz. 

Жоғалып кеткен бақташы
Фото: Полиция

Алматы, NEGE. Қызылорда облысының полицейлері шаруа қожалығының жоғалып кеткен бақташысын іздеп тапты.

7 қаңтар күні түнгі уақытта Қызылорда облысы ПД Жалағаш ауданы полиция бөліміне 64 жастағы бақташының жоғалғандығы туралы хабар түсті. Таңғы уақытта мал бағуға шыққан бақташы қайта оралмаған. Бақташы Жалағаш ауданы Жаңадария ауылынан батысқа қарай шамамен 20 шақырым жерде Құмжарған деп аталатын жер учаскесінде орналасқан мекемеге тиесілі мал шаруашылық фазендасында мал баққан.

Жайылымдық жерден уақытында оралмаған бақташыны қожалықтың басқа қызметкерлері өз күшімен іздеген. Алайда нәтиже болмағандықтан полицияға жүгінуге тура келген.

Аталған дерек Жалағаш аудандық полиция бөліміне тіркеліп, адам жоғалу дерегі бойынша қажетті шаралар жүргізілді. Полицейлер, төтенше жағдай департаментінің қызметкерлері, ауыл тұрғындары мен еріктілерден арнайы топ құрылып, жоғалған бақташыны іздестіру жұмыстары жүргізілді. Ауданның барлық ауылы, далалық жолдар түгел қамтылды.

Іздестіру жұмыстары сәтті аяқталды. Жоғалған бақташы түнгі 02:00 шамасында аман-есен табылды. Қожалық иесі полиция бөлімі мен аудандық полиция бөлімінің қызметкерлеріне әлеуметтік желілер арқылы өз алғыстарын білдірді.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан Халық кеңесі мүшелері қаза тапқан сарбаздарың отбасыларына 815 млн теңге бермек

Сарбаздарды іздеуге шыққан кемелер

Әскери қызметшілердің қазасы: 30-дан астам адамнан жауап алынды, күдіктілер бар

Адам ұрлау

Нұрсұлтан Назарбаев сарбаздар қазасына байланысты көңіл айтты

Назарбаев

Тоқаев Путинге жауап берді

Халық Кеңесі