Қызылорда облысында білім беру саласының қызметкерлері сотталды
2024 жылдың 7 ақпанында Жаңақорған аудандық соты «Жаңақорған ауданының білім бөлімі» ММ басшысы Б. Ибрагимовқа, бас бухгалтері К. Аязбаеваға және 24 мектептің бухгалтерлеріне қатысты үкім шығарды.
Алматы, NEGE. Олар жалпы сомасы 1 млрд теңгеден аса ірі мөлшерде бюджет қаражатын жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды.
Сот үкімімен мекеменің басшысына және бас бухгалтеріне 8 жыл бас бостандығынан айыру, мектеп бухгалтерлерінің біріне – асырауында жас баласының болуына байланысты 5 жыл мерзімге жазасын кейінге қалдыра отырып, 7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Сонымен қатар сотталғандар мемлекеттік қызметте және өзге де ұйымдарда қызмет атқару құқығынан өмір бойы айырылды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет білім беру саласындағы жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу барысында еңбекақы төлеу қорынан қаражат жымқырумен байланысты тұрақты қылмыстық схемаларды ашты:
1) қызметкерлерге жалақы оның лауазымынан қарағанда әлдеқайда көп аударылған;
2) жалақы білім беру мекемелерінде ресми түрде тіркелмеген адамдарға берілген;
3) қызметкердің карт-шоттарына жалақы есептеліп, ал төлем құжаттарында басқа тұлғаның деректері көрсетілген;
4) бір адамға ақша аударымдарын бірнеше рет қайталаған;
5) «өлі жандарға» - туыстары мен жақындарына ақша аударған.
Бухгалтерлер мектептің бухгалтерлік есеп жүйелері, ұлттық білім беру базасы және «Қазынашылық-клиент» жүйесі арасындағы интеграцияның жоқтығын пайдаланған. Олар төлем құжаттарына қолмен түзетулер енгізіп, бюджет ақшасын жымқырған.
Жыл сайынғы бюджеттік өтінімдерді қалыптастыру кезінде жымқырылатын қаражаттар белгіленген.
Айта кету керек, жымқыру бойынша бұрын ашылған схемалар шеңберінде сотқа дейінгі тергеулерді бүгінде басқа құқық қорғау органдары жүргізуде.
Өткен жылдың басынан бері білім беру саласындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен барлығы 192 қылмыстық іс тіркелді. Олар бойынша залал 13 млрд теңгеден асты.
Ең ірі жымқыру Түркістан, Жетісу, Алматы, Қызылорда, Ақтөбе облыстары мен Алматы қаласында анықталды.
Түркістан облысының екі ауданында ғана Шардара және Сарыағаш білім бөлімдерінің қызметкерлері үш жыл ішінде 3,7 млрд теңге жымқырған. Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр.
Жетісу облысында Талдықорған қаласының білім бөлімінің бас бухгалтері бастаған ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысты тергеу аяқталды.
Қаражат білім беру саласының қызметкерлері емес тұлғалардың шоттарына ақша аудару арқылы жымқырылған.
Сонымен қатар, құрамында 3 білім бөлімінің қызметкері мен 10 мектеп бухгалтері бар қылмыстық топтың мүшелері өздеріне және басқа мектеп қызметкерлеріне белгіленген жалақыдан жоғары жалақы төлеген.
Оларға жалпы сомасы 4,2 млрд теңгеден астам шығын келтірілген.
Залалды өтеу мақсатында жалпы сомасы 3 млрд теңгеге қатысушылардың мүлкі тәркіленді.
Қылмыстық іс қабылданған шешімнің заңдылығын тексеру және сотта айыптауды одан әрі қолдау үшін қадағалау органына берілді.
Бұл ретте, жымқыру фактілеріне бақылаушы органдардың лауазымды адамдарының қамқорлығы кезінде жол берілді.
Өткен жылдың қараша айында Талдықорған қалалық сотының үкімімен білім басқармасының бас маманы Д. Төлебай сотталды.
Ол Талдықорған қаласындағы орта мектептердің тарифтік тізімдерін жалақының жоғары қажеттілігімен кедергісіз қарағаны және келісіп, лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны үшін кінәлі деп танылды.
Тергеу барысында Д. Төлебай жемқорлық қылмыс жасағаны үшін кінәні толық мойындап, іс жүргізу келісімін жасасу туралы өтініш білдірді.
Сот үкімімен оған мемлекеттік қызметте қызмет ету құқығынан өмір бойына айыра отырып, 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалды.
Осы сот үкімімен 2023 жылғы шілдеде Алматы облысы бойынша Тексеру комиссиясының мемлекеттік аудиторы Б. Ботабеков кінәлі деп танылды.
Ол Талдықорған қаласындағы мектептердің бірінде аудиторлық тексеру барысында анықталған жымқыру фактілерін жасырғаны үшін 500 мың теңге көлемінде пара алды деп айыпталды.