USD
USD
USD

Қызылорда облысында әкім сайлауы өтіп жатыр

Бүгін Қызылорда облысы Қармақшы ауданының үш ауылында әкім сайлауы өтіп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz.

сайлау
Фото: Қызылорда облыстық сайлау комиссиясы

Қызылорда, NEGE. Әр округте 3 кандидаттан бақ сынап, олардың басым бөлігі сайлауға өзін-өзі ұсыну тәртібімен түсті.

Округтер бойынша Жосалыда — 258, Иіркөлде — 353, Қармақшыда — 653 сайлаушы дауыс беру құқығына ие.

Сайлаушылар таңғы уақыттан бері учаскелерге келіп, өздері қалаған кандидаттарға дауыс берді.

Алғаш болып келген сайлаушыға учаскелік комиссиясы тарапынан сыйлықтар берілді. Сондай-ақ, бірінші рет дауыс беру құқығына ие жас сайлаушылар да маңызды күннен қалыс қалмады.

Сайлаудың ашықтығын бақылау үшін аккредиттеуден өткен байқаушылар мен кандидаттардың сенім білдірген адамдары қатысуда.

Облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Әділбек Ерсұлтановтың айтуынша, биыл өңірде 25 ауылда жергілікті тұрғындар жаңа әкімін таңдайды. Ал наурыз айында шығып қалған мәслихат депутаттарының орнына сайлау өтеді.

Қызылорда облысында кент, ауылдық округ әкімдерінің сайлауы жоғары деңгейде жүргізілуде. Аймақта кейінгі 3 жылда 117 ауыл әкімі сайланған. Өткен жылы 38 кент және ауыл әкімінің сайлауы болды.

Қазір оқып жатыр

Qarmet пен Allur 500 жасты жұмыспен қамтуды жоспарлап отыр

Qarmet

Қазақстан дамудың жаңа кезеңіне қадам басты – Тоқаев

вице-президент

Жезқазған зиратында қабір басындағы топырақ опырылған: әкімшілік себебін түсіндірді

.

Атырауда шенеунік жұмбақ жағдайда көз жұмды

.