USD
USD
USD

Қызылорда облысы әкімдігінің екі лауазымды тұлғасы заң талаптарын бұзғаны үшін жазаланды

Қызылорда облысы әкімдігіне қарасты екі басқарманың лауазымды тұлғалары «Прокуратура туралы» Конституциялық заңның талаптарын бұзғандары үшін әкімшілік жауапқа тартылды.

Прокуратура
Фото: gov.kz

Алматы, NEGE. Облыс прокуратурасы мал жаюға арналған жайылымдардың жетіспеушілігіне талдау жасап, нәтижесінде мал санының статистикасын қалыптастыру барысында құқық бұзушылықтарға жол берілгенін анықтады.

Аталған дерек бойынша прокуратура облыстың ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасына ұсыныс енгізді. Дегенмен осы басқарманың басшысымен қадағалау актісіне уақытылы жауап берілмегендіктен, ол сотпен ҚР ӘҚБтК-нің 664-бабымен әкімшілік айыппұл түріндегі жауапқа тартылды.

Өзге жағдайда Қызылорда облысының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы Табиғат қорғау прокуратурасының тексеруге қажетті құжаттарды ұсыну туралы талабына немқұрайлылықпен қарап, прокурордың заңды талабын орындамаған.

Аталған әрекет үшін басшысы сот қаулысымен ҚР ӘҚБтК-нің 665-бабының 2-бөлігімен әкімшілік жауапқа тартылып, оған 172 мың теңге айыппұл салынды.

Қазір оқып жатыр

ТЖМ-нің жоғары лауазымды қызметкері түнде шу шығарды ма: Полиция не дейді?

Ерлан Төрегелдиев

Астанада жолаушыға әдепсіз ұсыныс жасаған таксист 10 тәулікке қамалды

Жүргізуші

Түркістан облысында зейнеткердің үйін жөндеп бермек болған еріктілер шатырдан 5 млн теңге тауып алды

Ақша

Қазақстанда мәслихат сайлауы өтетін күн белгілі болды

Құрылтай сайлауы