USD
USD
USD

Қызылқоғалық 85 адамға бизнес идея үшін грант берілді

Бұл туралы Қызылқоға ауданының әкімі Нұрсұлтан Бисембиев онлайн брифингте айтты, деп хабарлайды Атырау облыстық коммуикацилар қызметі. 

Қызылқоғалық 85 адамға бизнес идея үшін грант берілді
Фото: NEGE.kz

Атырау, NEGE. Яғни,  100 адамға кәсіп ашу мақсатында  несие беріліп,  жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін  85 азаматқа грант тағайындалған.

Спикер "Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының" үшінші бағыты бойынша 2097 адам жұмысқа орналасқанын да мәлімдеді.

- Оның ішінде 49-ы әлеуметтік жұмыс орнына орналастырылып, 126 жас жастар тәжірбиесіне жолданды. Ал, ақылы қоғамдық жұмыс орындарына 1 038 адам жіберілді.  Бұдан бөлек,  бос жұмыс орындарына 884 қызылқоғалық тартылды, - деді Нұрсұлтан Бисембиев.

Айта кетейік, Қызылқоға  ауданында аталған бағдарламаның  бірінші бағыты бойынша 92 адам кәсіптік оқуға жіберіліп, оның ішінде 32 адам жұмысқа орналасқан. 

Ал, екінші бағыты бойынша 80 адам «Бастау-бизнес» жобасы арқылы кәсіпкерлік негіздерінен оқудан өтті.

Қазір оқып жатыр

«Вашингтон моделі» БҰҰ аясындағы халықаралық келісімге негіз болуға лайық – Тоқаев

Жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңес отырысы

Тұңғыш алтын: таеквондошы Тамирлан Тілеулес Азиадада тарихи жеңіске жетті

Тамирлан Тілеулес

Berlin Today: Қазақстан Орталық Азияның экономикалық орталығына айналуда

Астана

Ресейдің Бас прокуратурасы FIDE басшысы Тимур Турлов пен Freedom Holding атына сотқа талап-арыз түсірді

Тимур Турлов