USD
USD
USD

Қызылқоға ауданындағы бөбекжай-балабақшаға сәбилер 1 жастан қабылданып жатыр

Атырау облысына қарасты Қызылқоға ауданындағы «Нұршуақ» бөбекжай – балабақшасы 2014 жылдан бері сәбилерді бір жастан бастап қабылдауда, деп хабарлайды Атырау облыстық Білім беру басқармасының баспасөз қызметі. 

Қызылқоға ауданындағы бөбекжай-балабақшаға сәбилер 1 жастан қабылданып жатыр
Фото: NEGE.kz

Атырау, NEGE. «Нұршуақ» бөбекжай – балабақшасының меңгерушісі Бақытжамал Жұмабаеваның айтуынша, қазіргі таңда балабақшада 80 қызметкер жұмыс жасайды. Оның 36-сы педагогтар. Сондай-ақ 250 бала бар. 130 бүлдіршін кезекші топтарда тәрбиеленуде.

«Нұршуақ» бөбекжай - балабақшасының ерекшелігі балаларды ерте жастан дамыту. Бір жастан бастап қабылданған бөбектер төрт топта тәрбиеленіп жатыр. Оларға арнаулы мамандар тәлім беруде. Психолог, би жетекшісі бар. Спорттық зал, музыкалық зал және акт залы қызмет көрсетуде», дейді ол. 

Ерте жас тобының тәрбиешісі Гүлжазира Кенжебайқызының айтуынша, бүлдіршіндерге негізінен  ашық оқу қызметі сабағын өткізілуде.

"Ондағы мақсат –бөбектің тыңдау, сөйлеу қабілетін дамыту.  Ертегілер айтамыз, саусақ ойыны арқылы да қызықты әңгімелер айтылып,  тақпақтар жаттайды. «Кім шапшаң?», «Кім тапқыр?» сынды топтық ойындар өткізіледі. Топта он бүлдіршіннен бар», деді  ол.

Айта кетелік, облыс бойынша  48 бөбекжай-балабақшада 1 жастағы 1970 сәби бар.

Қазір оқып жатыр

Перуашев Бектеновтің басқару стилін жоғары бағалады

Ақ жол

Базарбек шетелде қалып қойған «Болашақ» түлектерінен қаржыны қайтаруды талап етті

Болашақ

Ақтөбе облысы аумағына дрон құлады

БПЛА

Қазақстан ОПЕК+ келісімінен шығуды жоспарлап отырған жоқ

.