2 Қараша 14:31
...

Қызыл жалау көтерді: Иран Сауд Арабиясына шабуыл жасамақшы (видео)

Фото:

Сауд Арабиясының билігі АҚШ-қа бұрынғы барлау мәліметтері бойынша, Иранның шабуыл жасауға дайындалып жатқанын айтты, деп хабарлады The Wall Street Journal.

Алматы, NEGE. Сауд Арабиясының билігі Иран осылайша Тегерандағы жаппай наразылықтардан назарды осылай аударғысы келеді деп санайды. Қыркүйек айының ортасында 22 жастағы ирандық әйел басына орамалды дұрыс тақпағаны үшін полицейлердің қолынан қайтыс болған еді. Осы оқиғадан кейін Иранда жағдай ушыққан. 

Газет Сауд Арабиясы мен АҚШ шенеуніктерінің мәлімдемелеріне сілтеме жасай отырып, Иран тек Сауд Арабиясына ғана емес, Ирактың Эрбил қаласына да шабуыл жасауға дайындалып жатқанын жазған. Осылайша, Иран билігі «елдегі ішкі наразылықтардың назарын басқа жаққа аударуға тырысады» деген болжам жасап отыр.

Сауд Арабиясы АҚШ-тан көмек сұрады. Ақ үйдің Ұлттық қауіпсіздік кеңесі бұл ескертулерге алаңдайтынын және Иранның шабуылына жауап беруге дайын екенін мәлімдеген.

Бұған дейін Иран билігі Сауд Арабиясы, АҚШ және Израильді бұқаралық ақпарат құралдары арқылы наразылық тудыруға және ел саясатына араласуға қатысты деп ашық түрде айыптаған болатын.

Сонымен қатар әлеуметтік желіде Джамкаран мешітінің үстінде қызыл жалаудың желбіреп тұрғаны көрсетілген видео жарияланды. Дәл осылай қызыл жалау көтеру әдетте «соғыс жариялауды» білдіреді.

Қызыл жалау соңғы рет 2020 жылы Касем Сүлеймани өлтірілген кезде көтерілген еді. 

Тегтер: