USD
USD
USD

«Қызыл» статустағы 356 тұрғынға айыппұл салынды

  Ақмола облысында Ashyq жобасы арқылы 1369 «қызыл» және 435 «сары» мәртебесі бар карантин бұзушы анықталды.

«Қызыл» статустағы 356 тұрғынға айыппұл салынды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ақмола облысы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Ashyq жобасы арқылы өңірде үй карантинін бұзған 1804 келуші анықталған. Олардың ішінде 1369 адам «қызыл» мәртебеге ие (жұқтырған), 435 адам «сары» мәртебеге ие (жақын байланыста болған). «Жалпы, «қызыл» мәртебесі бар 356 адамға айыппұл салынды. «Қызыл» мәртебесі бар жеке тұлғаларға қатысты үйде оқшаулауды бұзғаны үшін санитариялық қызмет мамандары Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 425-бабы «Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтерді бұзу» бойынша әкімшілік хаттама толтырды.

Осы баптың санкциясы жеке тұлғалар үшін 30 айлық есептік көрсеткіш (87 510 теңге) мөлшерінде айыппұл салуды көздейді», - деп атап өтті ведомствода. Еске сала кетсек, өңірде Ashyq жобасы бойынша 4330 қатысушы, оның ішінде 88 жоба көшбасшысы жұмыс істейді. Бағдарламадан 212 жосықсыз қатысушы алынып тасталды. Өңірдің санитарлық дәрігерлері амбулаториялық емделуде жүрген ақмолалықтарға өзін-өзі оқшаулау режимін бұзбауға және қоғам алдында азаматтық жауапкершілік танытуға шақырады. Коронавируспен ауыратын науқастармен байланыста болған адамдар өзін-өзі оқшаулау режимін ұстануы және басқа адамдардың жұқпауын болдырмас үшін көп жиналатын жерлерге барудан бас тартуы керек.

Қазір оқып жатыр

Астаналықтар аурухана жанындағы құрылысқа қарсы петиция жариялады

.

Тоқаев пен Ердоған Мәңгілік достық туралы декларацияға қол қойды

Ердоған, Тоқаев

Алматының Наурызбай ауданында ауаның ластануы мөлшерден бірнеше есе асып кеткен

ауа сапасы

Атырау облысының әкімдігі Индер көлін ерекше қорғалатын аумақтар тізімінен қалай шығартты

.